Алматы маңында ұшақ құлады: Бортта 6 адам болған (видео)

0

Әлеуметтік желіде Алматы маңында ұшақ құлағаны жайлы ақпарат тарап жатыр.

Желіде қиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, бұл әуежай маңындағы Қызылту ауылы.

Алдын ала ақпарат бойынша, Алматыда қону кезінде «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағыты бойынша ұшып жатқан ҰҚК-ның АН-26 әскери ұшағы құлады. Бортта 6 адам болған. Бұл туралы КазТаг жазды

«Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Сағат 17:20 шамасында байланыс үзілді. Бірден дабылды жарияланды. Біздің барлық қызмет сол жерге аттанды. Ұшақ жолаққа жетпестен құлап түсті», — деді баспасөз қызметіндегілер.