4 адам қаза тапқан жантүршігерлік ұшақ апаты: Іске Тоқаев араласты

0

ТЖМ мәліметінше, апат туралы ақпарат 13 наурызда сағат 17.25-те түскен. Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы Ан-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына апатты жағдайда қонған.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді.

«Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек» деді Тоқаев