Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінің аумағында өрт шықты (видео)

0

Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінің аумағында өрт шықты.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Тимирязев 42 мекенжайы бойынша  жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткенде №9 павильон ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды », — делінген хабарламада.

Өрттің таралу қаупі жоқ,- деп атап өтті ТЖД.

Алдын ала мәлімет бойынша, павильон бос болған  Әкімшіліктің мәліметінше, ғимарат қайта жөндеуден өтіп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 17 бірлігі мен 50 жеке құрамы жұмыс істеуде.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, екі өрт сөндіру орны құрылды. Өрт оқпандары енгізілді, батыс және шығыс жағынан гидранттарға цистерналар орнатылды.