Батырхан Шүкеновке арналған коллекциялық монеталар айналымға шықты (фото)

0
123

Бүгін Ұлттық банк әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арналған BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары туралы

18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толады. Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты жаңа серияны бастады.

Street art. BATYR BEINESI жаңа монетасы Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру мақсатында шығарылған. Бұл – ҚҰБ-тың стрит-арт сияқты қазіргі заманғы жастар өнерін қолдауға арналған алғашқы коллаборациялық монета жобасы.

Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының «Батыр бейнесі» граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасы бойынша оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы ҚҰБ-қа өтеусіз негізде берілді.

Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана.

Коллекциялық монетамен нақты құнына сай төлем жасауға, банк шотына аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.
Күмістен жасалған монеталар кәдесый орамында мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификатымен шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

(Фото ашық ақпарат көзінен)