Алматыда жасөспірімнің мәйіті табылды – Қазақстан жаңалықтары

0
7

Алматыда 16 жасар жасөспірім итімен бірге серуендеуге шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өлім

Іздестіру кезінде оның арқанға ілулі тұрған денесі Орбита-3 шағын ауданындағы №45 мектептің жанындағы спорт алаңынан табылған.

Қалалық полиция департаментінде хабарлағандай, аталған факті ҚР ҚК-нің «өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

«Қылмыстық іс бойынша өндірісті Бостандық ауданының полиция басқармасы жүзеге асырады . Адам өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мәйітті тексеру кезінде азамат З. , 2003 жылы туған, зорлық – зомбылық белгілері анықталмаған»,- деді органда.

stan.kz