Ақшаны қай валютада сақтау керек – министр қазақстандықтарға кеңес берді

0

Қазақстандық қор биржасында өткен (KASE) таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың аралық бағамы 393,5 теңге мөлшерінде бекітілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, ақшаны қай валютада сақтау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр бәрі адамның жеке шығындарына байланысты екенін атап өтті.

«Егер сіз ақшаны теңгемен жұмсасаңыз, онда, әрине, теңгемен сақтау қисынды. Егер басқа валютада жоспарлап отырсаңыз, онда белгілі бір бөлігін сол валютада сақтаған дұрыс. Менің пікірім осындай»,  деді Дәленов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Доллар қымбаттады

Айта кетсек, 9 наурызда әлемдік нарықта қара алтын бағасы күрт құлдырады. Бұған Сауд Арабия мен Ресейдің ОПЕК келісімінен шығуы әсер еткен. Соның салдарынан Қазақстанда доллар тағы қымбаттады.

Ірі қалалардағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы 397 теңгеге дейін өсті.

Сейсенбі, 10 наурызда Қазақстандық қор биржасында өткен (KASE) таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 393,5 теңге мөлшерінде белгіленді. Бұл – аралық бағам, бүгін сағат 15:00-де доллардың ресми бағамы бекітіледі.

Осылайша, доллар 11,49 теңгеге қымбаттап отыр. 6 наруызда шетелдік валютаның бағамы 382,05 теңге болған еді. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз