Алматыда вакцинанциядан кейін ауырған дәрігерге бастықтары жедел жәрдем шақыртпай қойған
Қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбілдаханқызы Алматы қаласы көпсалалы клиникалық ауруханасындағы Covid-19 вакцинациясы айналасындағы болып жатқан шу төңірегінде жазды.
«Каблуковадағы ауруханада (бұрынғы жындыханада) әлеуметтік қызметкер (бұрынғы атауы санитарка) боп істейтін жеңгем де, қасындағы әріптестері де кеше мәжбүрлі түрде вакцина алған.
Вакцинадан кейінгі заңды үш күндік демалысқа үйіне кетудің орнына, вакцина алған қызметкерлердің бәрі жұмысында қалдырылған. Айтуларына қарағанда, вакцина алғандардың көбінің жағдайы аздап қиындаған, вакцинаның әсері бәрінде байқалған.
Жеңгемнің түнімен жағдайы ауырлаған. Қан қысымы 50-ге дейін түсіп, ыстығы көтерілген. Бастықтары «зияны тиеді» деп жедел жәрдем шақыртпаған.
Таңертең сағ 7-8-ден бастап қасындағы әріптестері жеңешемнің қыздарына хабарласып, «мамаңның жағдайы ауыр, келіп алып кетіңдер» деген. Меніңше, бұл бастық Искакованың қитұрқы жоспары болса керек, сменді өткізіп, тезірек үйіне кетсе, не болса да, үйінде болса деген болар? Әйтпесе, есі дұрыс, арты таза бастық бірден жедел жәрдем шақырып, тым болмаса, (ақыры өз басын алып қашқысы келсе) қызметтік көлікпен науқасты үйіне жеткізіп тастаса болар еді ғой. Оған оның ақылы да, адамгершілігі де жетпепті…
Хош…
Сонымен, таңғы 8-ден дабыл қаққан сіңлілерім өздері жедел жәрдем шақырса, ондағылар «сол мекеме қызметкерлері (әлде бастығы) жедел жәрдем шақыру керек, сендер шақырғанға біз бара алмаймыз, бізді кіргізбейді» деген.
Қысқасы, сіңлім өзі таксиде анасының жұмыс орнына бара жатып,
ол жердегі жеңгемнің әріптестеріне қоңыраулатып, жалынып, жедел жәрдем шақыртқызған. (Арасында жылап маған звондайды, мен білгенімше жөн сілтеп, жұбатамын, «паниковать етпе, жылама, сабыр, үйт, бүйт…» деп…)
Сіңлім Каблуковаға таксилетіп жеткен. Әрине, охрана кіргізбеген. Сіңліммен бірге жедел жәрдем де барған. (Түнімен қиналған адамға таңғы 9-10-дарда жедел жәрдем шақырған…)
Развилкадағы Облыстық ауруханаға жеткізген. Қызын (сіңлімді) кіргізбеген. Кіреберісте қалған қызы анасының жағдайы туралы хабарды ұзақ күткен. Жым-жырт дейді. Содан ұрсысып жүріп ішке кіріп, іздеп жүріп, анасын күндізгі стационар бөлімінен әрең тапқан. Сол жағдайда, сөйлей алмай жатыр дейді. Содан медбикеге «неге қарамайсыңдар?» десе, бұл медбикеміз: «Вакцинаға кері реакцияны қалай емдеуді біз білмейміз, мұндайдың протоколы жоқ» депті.
— Ендеше бас дәрігерді шақыр, — деген сіңліме:
— Бас дәрігер гинеколог, ол мұндай ауруды білмейді, — деген ғой!..
Мұндай топастыққа, салғырттыққа, немқұрайдылыққа не айтуға болады???
— Қан қысымын көтеруге әрекет жасап, бірдеңе істеңіздерші, тым болмаса, шай беріңдерші, — деп жалыныпты сіңлім.
— Шай 75 теңге, — деп тұр дейді. «Ойбай, мә, 75 теңге» деп, әрең бір бокал шай ішкізіпті.
Тамақ 750 теңге дейді…
Цой мырза!!! Что за беспредел???
Медперсоналдар (әсіресе санитарлар, медсестралар) подопытный кролик пе сендерге???
Біріншіден, ковид — тегін емделетін аурулар қатарында емес пе???
Екіншіден, тек мед.салық төлегендерге тегін дейсіңдер ме тағы да??? Ендеше менің жеңгем өзі омыртқасынан мүгедек бола тұра, мүгедектік ала алмай жүрген, сөйте тұра, 50-ге келгенде әбден нашарлаған денсаулығына қарамай, какой-то несчастный 60-70 мың теңге айлыққа «Каблуковадағы психтармен» жұмыс істеп, сол айлығынан барлық салықты төлеп жүрген адал да жауапты қызметкер!!! Ол «психбольницада» өздеріне тиісті «артық психологиялық-моральдық өтемақы» ешқашан төленбеген. Ал оларға ПОЛОЖЕНО!!!
Онысымен қоймай, «жындыхана» деген аты бар, көктемде, күзде больницадан «жындылардың» қашатын оқиғаларын талай рет сол жеңгемнің өз аузынан естігенмін. Сонда қашқын «жындыны» да бүкіл Алматыдан жаяулатып іздейтін — сол медсестралар. Екі-үш күндеп іздеп сол «жындыларды» тауып келетін «сыщиктер» де солар.
Енді бұл байғұстар подопытный кролик болып, ковидке ресейдің сапасыз вакцинасын да алдыңғы қатарда салғызғанымен қоймай, ол вакцинадан ауырса оларды далаға лақтырып тастай салатындарың қалай???
Ковидке бөлініп жатқан миллиардтарға ең құрымаса, вакцина алып, ауырғандарды тегін бақылауға алып, емдеуге болмай ма???
Ең бастысы, олар медстраховка төлеп отыр ғой!!!
Ауруханада тамақ сатылады деген не сұмдық???
Бұл бассыздық қашанғы жалғасады???
Искакова!
Менің алдыңғы постымда жариялаған скриндерді «кім жіберді?» деп шашыңды жұлып, қызметкерлеріңді «жұмыстан кетесіңдер» деп қорқытып-үркітуді уже бастап жіберіпсің. Успакойся! Маған ешкім жіберген жоқ! Жеңгем есі кіресілі-шығасылы боп жедел жәрдемде жатқанда, телефоны біздің қолымызда болды, өзіміз алдық ол ақпараттарды. Қызметкерлеріңнің ешқандай кінәсі жоқ! Идиотизм!!!
Жеңгеме бірдеңе болса, Искакова, Цой, ісім сендермен болады!!!!!!
(«Мырза, ханым, сіз» деп сендермен церемонится етіп отыруға құлқым жоқ, өйткені сендер ондай құрметке лайық емессіңдер!!!)» деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.