Казинодағы видео, мінген аты үшін жұмыстан кеткен генерал тағы жаңа қызметке тағайындалды

0

Полиция генерал-майоры, Атырау облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Аян Дүйсембаев Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт сөндіру қызметі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

«Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Дүйсембаев Аян Сәбитұлы өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды», — деді министрліктің баспасөз хатшысы Талғат Уәли.

2019 жылдың мамыр айының басында Аян Дүйсембаев полиция генерал-майоры лауазымына көтерілді. Бір аптадан кейін әлеуметтік желілерде видео пайда болды. Видеода мереке кезінде Аян Дүйсембаевқа ат мінгізіп жатқаны көрсетілді.

Еске сала кетсек, желіде Атырау облыстық полиция департаменті басшысына қатысты видео тараған еді. Оқиғадан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, Аян Дүйсембаевты қызметінен босату ұсынылды. Артынша полиция басшысы қызметінен босатылды.

2018 жылы ол БАҚ назарына Минскідегі казинолардың бірінде түсірілген видео ілінді. Содан кейін сол кезде Атырау облысы Ішкі істер департаментінің (ІІД) бастығы болып жұмыс істеген Аян Дүйсембаев ойын-сауық мекемесінде не істеп жүргенін түсіндіруге мәжбүр болды . 2019 жылдың желтоқсанында Дүйсембаевтың Маңғыстау облысы әкімі Серікбай Трумовтың кеңесшісі болып тағайындалғаны белгілі болды.