Home Білім Алтынның сынығы

Алтынның сынығы

0
167

Қазақ журналистикасының қара нары Әбілфайыз Ыдырысов  еңбек жолын «Қазақстан пионері» газетініен әдеби қызыметкер болып бастайды, өзінің телегей терең білімімен, қажырлы еңбегінің арқасында бас редакторлық қызыметке дейін жоғарлайды, республикалық басылымдармен радиода еңбек етеді, ол оқулақтар, очерктермен қоса 800 ден астам публицистикалық мақалалар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу» сияқты тағы басқада пәндер бойынша оқулақтар дайындаған, студенттік өмірдің табалдырығын алғаш аттағанда кітапханада керегімізді іздеп неше сағат тесіліп отыратын кітаптардың бірі осы Әбілфайыз Ыдырысов оқулықтары еді. Ол қазақ оқырмандарының жүрегінде «Таңшолпан» деректі романының авторы ретінде тереңнен орын алғаны анық. 1953 жылдан бастап өзін қанаттандырып, білім нәрін сепкен, киелі қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде жарты ғасырдай қызымет атқарып полиграфия ісі, газет безендіріу, түрлендіру өнерінің негізін салып кетті. Ол еселі еңбектерімен қатар қазақ журналистикасына еңбек етіп жүрген буындарды тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.

Тілі шешен, ойы орамды, ұстаз лекциялары мен семинар сабақтарының өзін өте тартымды етіп өткізетінін бізге ұстаз шәкірттерінің аузынан жиы естиміз. Ол туралы ғалым, қайраткер Бауыржан Омарұлы «Ана тілі» газетіне берген мақаласында: «Әбілфайыз Ыдырысов газет- журналды безендіру техникасы пәнінің өзін қызықты етіп ұқтырып, алуан түрлі ойға жетелеп, «Алпаншақты-салпаншақты, ксилі, пислі», — деп студенттері желіктіріп әкетеді, Әбілфайыз ағамыздың лекциясында айтылатын ең кіші кегль — нонпарельдың ұнағаны соншалық, студенттер өз арасындағы бойы кішкене қыз-жігіттерді солай атайтын» деп жазыпты.

Ол кісі техника тілі- қысқа тіл ғой деп техникалық атаулармен машина бөлшектерінің атауларын қазақша ұтымды әрі ұтымды пайдалануға тырыс барынша қазақша балама іздегенін шәкіртереінің еске алуынан білеміз. Ұлағатты ұстаз, тек білімді , тапқыр ғана емес, өте мейірімді , қарапайым адам болған деседі,оған дәлел студеттерімен, өзімеи қатарлас інілерінжақын тартып, Сағымбай Қозыбаевты «Сәкіжан» Бауыржан Жақыпты «Бәкіжан» деп еркелететінінен мейіріммен ізгіліктің ізін көреміз.

Әбілфайыз Ыдырысов шығармаларыда өте керемет, адам жүрегіндегі адал,пәк махаббатты бір шағармасына сидырып алады ғой шіркін, «Аңсаған менің әнімсің» шығармасын оқығанда, Таңшолпанға менде ғашық болдым, әуелі тақырыбын оқығанда ары қарай өлек шумақтары келе берді.

«Аңсаған менің әнімсің,

Бар байлығым, бағымсың.

Басыма мұнар күн туса,

Арайлап атар таңымсың.», осылай шығарманың тақырыптарыт ақ, өлең болып өрби беретін сияқты, мен осы «Аңсаған менің әнімсің» шығармасын оқығанда, Әзілхан Нұршайыховтың Халима апамызға арнап жазған «Мәңгілік махаббат жыры» болмаса «Махаббат қызық мол» жылдар шығармасындағы,  Меңтай сұлу суреттеп жатқандай сезілді, тіпті ақын Абайдың Тоғжаныма депте қаласың.

Шығармашылығындағы шеберлікті Әзілхан Нұршайыховпен ұштастырғым келеді, екеуіде жүрек түкпіріндегі пәк сезімдерін шығармалары арқылы оқырмндарына ұсынып, жүректерге сезім силайды, олар өз махаббаттары арқылы барлық жүрегеі еттен жаралған пенденің таңғы шықтай мөлдір, тұнық махаббатына ескерткіш орнатты, қазақтың ғашықтар жырындағы кейіпкерлерінің заманауи бейнесін Таңшолпан романынан сеземіз. Ұстазымыздың ұстазы болған Әбілфайыз Ыдырысұлы ұстаздығы мен де ұстамдылығыменде журналистика саласына өшпес үлестер қосып, қазірге деңгейге жетуіне түрткі болды, қазақта «Жақсынң аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген дана сөз бар ғой, артына қалдырған іздері, шәкірттері мен журналистика саласының мамандарының жүрегінде, саналарының алтын сарайында сақталады, асыл тұрғамыздан қалған рухани мұраларды ұлықтап, жаңырта білу, болашақ баспагер біздер үшін ауыр міндет.

Майдархан Данагүл, Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университті, Журналистика факультеті, Баспагерлік редокторлық дизайнерлік-өнер кафедрасы, Баспа ісі 3 курс стуленті