Алматыда тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (фото) — новости Казахстана

0

Алматы қылмыстық полиция басқармасы мен Алмалы ауданының полиция басқармасы арнайы жасақ сарбаздарымен бірігіп, арнайы операция өткізді. Тәртіп сақшылары қала аумағында пәтер тонаумен айналысып жүрген қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото:Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, қылмыстары әшкереленбей тұрып, ұрылар «Жұлдыз» ықшам ауданындағы үйлердің бірін тонап шыққан.

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото:Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қылмыс орнынан ізін суытып бара жатқан қылмыскерлерді полицейлер Алатау ауданында тоқтатқан.

Соңғы ұрлықтары кезінде алынған тон бұйымдары мен сандық техниканы жедел тергеу топ қызметкерлері ұрылардың көліктерінен анықтап, тәркілеген.

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото:Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото:Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тергеушілер қазіргі таңда 25-29 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан тумаларының кем дегенде төрт ұрлыққа қатысы барын анықтаған. Олар Алматы қаласының Алмалы, Бостандық және Түрксіб аудандарында ұрлық жасаған. Қылмыскерлер тек күндізгі уақытта жұмыс істеген.

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Фото:Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Тұтқындалғандар қамауға алынды. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда ШҚО азаматтарынан құралған қылмыстық топ ұсталған болатын.