Алматыда тағы алты адам коронавирусқа шалдықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 сәуірдің 10:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 291 адам, Алматы қаласында – 370 адам, Қарағанды облысында — 80 адам, Ақмола облысында — 79 адам, Атырау облысында — 70 адам, Жамбыл облысында — 49 адам, Шымкент қаласында — 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 8 адам, Алматы облысында — 24 адам, Ақтөбе облысында — 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 26 адам, Павлодар облысында — 11 адам, Маңғыстау облысында — 11 адам, Қызылорда облысында — 124 адам, Батыс Қазақстан облысында — 18 адам, Түркістан облысында — 49 адам, Қостанай облысында — 5 адам, жалпы 1267 науқас тіркелді.

stan.kz