Коронавирусқа қарсы тиімділігі бар тағы бір препарат анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Канадалық вирусологтар коронавирусқа қарсы күресте кезекті препараттың тиімділігін растады. Тиісті зерттеу Journal of Biological Chemistry-да жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Альберта (Канада) университетінің ғалымдары эбола безгегімен күресу үшін әзірленген ремдесивир препаратының коронавирустың көбею механизмдерін бұғаттайтынын байқады.  Дәрігерлер бұл препаратты SARS-CoV-2 коронавирусына ұқсас Таяу Шығыс респираторлық синдромына (MERS) қарсы сынақтан өткізгендерін  мәлімдеді. Вирусологтар ремдесивир коронавирустың таралуын тежейтін өте қуатты дәрі деген қорытындыға келді.

Зерттеуге қатысқан вирусологтар Матиас Готте мен Егор Чесноков ремдесивирді SARS-CoV-2 қарсы тікелей әсер ететін вирусқа қарсы құрал ретінде бағалауға болатынын байқады. Ғалымдар препараттың тікелей әсер ету фактісін құжаттау оның одан әрі клиникалық сынақтарының перспективаларын растайды деп атап өтті. Бұл ретте Гетте зертханалық зерттеулер негізінде препарат нақты жағдайда тиімді болады деп нық айту мүмкін емес екенін мәлімдеді.

«Біз шыдамды болып, рандомизацияланған клиникалық зерттеулердің нәтижелерін күтуіміз керек», — деді ол.

 Айта кетейік, ремдесивир — әлемнің 12 елінде өткізілетін сынақтар негізінде тиімділігін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қадағалайтын препараттардың бірі.

Дәрігерлер зерттеу қорытындысын сәуір немесе мамыр айларында күтуге болады деп санайды.

stan.kz