Алматыда коронавирустан жедел жәрдем көлігінің екі жүргізушісі қайтыс болған

0

Коронавирус науқастарды ауруханаға жеткізу жедел медициналық жәрдем қызметі арқылы қатаң түрде жүргізілетіні белгілі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Камалжан Надыров мегаполистегі коронавирус ауруына шалдыққан медицина қызметкерлерінің арасында қайтыс болғандардың бар-жоғын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

— Алматыда медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болғандар жоқ. Өкінішке қарай, жедел жәрдем көлігі жүргізушілерінің арасында бізде екі қайғылы жайт тіркелді. Сондай-ақ орталық қалалық клиникалық аурухананың жеделсаты қызметкері де қайтыс болды. Марқұмдардың барлығына 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді, — деді Камалжан Надыров.

Коронавирус науқастарды ауруханаға жеткізу жедел медициналық жәрдем қызметі арқылы қатаң түрде жүргізілетіні белгілі.