Үндістанда 191 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады (видео)

0

Үндістандағы әуежайда Air India жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, The Daily Mirror басылымы.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 19:45 шамасында орын алған. Апатқа ұшыраған ұшақта 191 адам болыпты. Әуе кемесі Дубай-Кожикоде бағытында ұшуы керек болған.

Басылым мәліметінше, лайнер қонар кезде ұшу жолағынан шығып кеткен. Опат болғандар мен жарақат алғандар туралы хабар жоқ.

Әлеуметтік желіде ұшақтың құлағаны түсірілген видеосы таралып кетіпті.

Бейнежазбада әуе кемесінің бөлшектеніп қалғаны байқалады. Оның айналасында адамдар жиналып, олардың  өртті сөндіріп жатқан аңғарылады.

stan.kz