Алматыда екі ай бұрын жоғалған қыздың денесі арнадан табылды — Қазақстан жаңалықтары
Анастасия Галеева екі бұрын жоғалып кетті. Енді мәйіті Алматы облысындағы арнадан табылды.
Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтей отыра Stan.kz хабарлайды.
«Қызымның денесін бүгін арнадан таптық. Ол жерді бұрын да іздегенбіз. Әпкем қызымның денесін қарап, оны таныды. Қазір мен Талғар қаласының полиция бөлімшесіне барам», — дейді әкесі.
Ақпан айында бойжеткеннің жоғалып кеткені хабарланды. Ол құрбысына кетіп, сол күйі оралмаған. Жақындары қыздың өліміне достарын айыптады. Достары қыздың өздігінен көз жұмғанын, қорыққандарынан мәйітті жасырып қойғанын айтыпты. Сәуір айының басында қыздың әкесі бас прокуратурадан көмек сұраған еді.
stan.kz