Қырғызстанда алғаш рет азаншылар жарысы өтпек

0

Қырғызстан астанасы Бішкекте 27 сәуірде алғаш рет азаншылар жарысы өтпек. Басты жүлдеге Меккеге кіші қажылық жасауға мүмкіндік беретін жолдама қойылған. Бұл ақпаратты Қырғызстанның мұсылмандар діни басқармасы хабарлады.

Азан шақырудан жарыста екінші және үшінші орын алған азаматтарға да қымбат сыйлық берілетіні айтылады.

Азан шақыру жарысына үміткерлерді іріктеу 2018 жылы қараша айында басталған. Оған 500-ден астам азаншы қатысқан.

Azattyq