Реферат: Құқық | Жаза жүйесі түсінігі және мәні

0

Жаза жүйесі түсінігі және мәні………………………………………………………………….
Негізгі бөлім
1. Айыппұл………………………………………………………………………………………………….
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту…………………………………………………………………….
3. Түзету жұмыстары……………………………………………………………………………………
4. Әскери қызмет бойынша шектеу………………………………………………………………
5. Бас бостандығынан шектеу………………………………………………………………………
6. Қамау………………………………………………………………………………………………………
7. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау……………………………………………………………..
8. Мүлікті тәркілеу……………………………………………………………………………………..
9. Бас бостандығынан айыру……………………………………………………………………….
10. Өлім жазасы. ………………………………………………………………………………………….

Қолданылған әдебиеттер:…………………………………………………………………………..

Жаза жүйесі түсінігі және мәні

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
a) Айыппұл салу;
b) Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір – қызметпен айналасу құқығынан айыру;
c) Қоғамдық жұмыстарға тарту;
d) Түзеу жұмыстары;
e) Әскери қызмет бойынша шектеу;
f) Бас бостандығына шектеу;
g) Қамау;
h) Тәртіптілік әскери бөлімде ұстау;
i) Бас бостандығынан айыру;
j) Өлім жазасы қолданылуы мүмкін;
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдану» 24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16 – тармағында «Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне бас назар аударғаны жөн. Өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», — делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстың заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке – дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар:
a) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, биліктік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
b) мүлкін тәлкілеу қолданылуы мүмкін (39-бап , 2 -бөлігі)
Үшінші топқа негізгі де, қосымшада жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады.
Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану — қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шартты болып табылады. Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама берейік.

Айыппұл
Айыппұл қылмыттық кодексте көзделген шекте сотпен белгіленіп тағайындалатын ақша сомасын өндіріп алу. Айыппұл жазаның негізгі де, қосымша да түрі бола алады. Белгілі бір лауазымнан немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру немесе белгілі бір лауазымды құқығынан айыру мемлекеттік қызметте жергілікті өзін — өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруына белгілі бір кәсіптік немесе өзгеде қызметпен айналасуына тиым салу. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейін, ал қосымша ретінде алты айдан үш жылға дейін белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкцияда ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодестің 55-бабының тараптарына жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Жазаның бұл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс — әрекет сараланатын қылмыс құрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс — әрекетінің мәніне қарай сот оны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет деп тапса қолданылады. Мысалы, медицина қызметкерлерінің мамандық міндеттерін тиісті орындаудың салдарынан адамның еңбек қабілетінің үштен бір бөлігі тұрақты жоғалса немесе ұзақ уақытқа денсаулығы бұзылып, айыппұлға немесе бас бостандығына шек қоюға жазалаумен бірге қосымша жаза ретінде дәрігерлік қызметпен белгілі бір уақытқа шұғылдану құқығынан айыру жазасын тағайындауға болады.
Сонымен осы Қылмыстық кодекстің 41 – бабының талабына сәйкес сот белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан бұл жаза түрі заңның санкциясында көрсетілмесе де оны қолдау қажеттілігі үкімде көрсетіле отырып қолдануға құқылы. Сотталған адамдар сот белгілеген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген жүйесінде мүлдем жұмыс істемеу туралы тыйым салу заңда көрсетілмеген. Мысалы, белгілі сот үкімі бойынша қойма меңгерушісі лауазымын атқаруға тыйым салынған адам, сол жүйеде жүк тиеуші, күзетші және басқа материалдық игіліктерді басқаруға қақысы жоқ жұмыспен айналысуға құқылы немесе дәрігерлік қызметпен шұғылдану құқығынан белгілі бір мерзімге айырылған адам сол салада басқа жұмысты, атап айқанда, санитарлық, шаруашылық меңгерушісі, лаборатория қызметкері сияқты жұмыстарды атқаруға құқылы. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жазасын орындаудың тәртібі мен шарттары арнаулы Ережеде көрсетілген.
Қылмыстық жазаның осы түрін қолдану барысында жазаның орындау мерзімін есептеудің маңызы аса зор.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге қамауға алу, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалардың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен бастап есептеледі. 8 бет
Жазаланудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру тағайындалған жағдай, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.
Осы жаза қолданылған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстық кодекстің 362 – бабы бойынша жауапқа тартылады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген жұмыстары сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытында тегін басқа да қоғамға пайдалы жұмысын орындаудан тұрады. Олардың түрлерін жергілікті атқарушы немесе өзін — өзі басқару органдары белгілейді. Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 120 сағатқа дейін белгіленеді күніне 4 сағаттан аспауы тиіс. Сотталған адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе өзін — өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше 45 және 46 – бабында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам қоғамдық жұмысы өтелген уақыт 8 сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығынан шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.
Әскери қызметшілерге елу бес жастан асқан әйелдермен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтаға мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.

Түзету жұмыстары.
Түзеу жұмыстары 2 – айдан 2 жылға дейінгі мерзімге дейін белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның сот үкімімен белгіленген 5% -тен 20%- ке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі . Түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды, еңбекке жарамсыз адамдарға, тұрақты жұмысы жоқ адамдарға, оқу орындарында, өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән – жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Заң Қылмыстық кодексте түзеу жұмыстарына сотталған адамның жазасын өтеуден әдейі бұлтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыра алады .
Қылмыстық орындау заңы бойынша: 1) Сотталған адамға инспекцияның жұмысқа кірісу туралы берген ескертпесінен 15 күн өтіп кетсе; 2) инспекцияға жазбаша ескертпеден кейін себепсіз жағдайлармен келмесе; 3) белгіленген міндеттерді және тыйым салған әрекеттерді жазбаша ескертуден кейін бұзса; 4) бұрынғы ескертуге қарамастан тағы бір жұмысқа мас күйінде келсе немесе мүлдем келмей қалса; 5) сотталған адам түзеу жұмысын өтеуден бас тарту мақсатында бой тасалап қалса, олар әдейі жалтарған деп саналады .
Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны орындау қылмыстық орындау инспекцяларына жүктелген. Оны орындаудың тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексімен реттеледі.
Әскери қызмет бойынша шектеу.
Келісім шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген адам сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өтеп жүргендер, офицерлер қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген қылмыстарды жасағанда осы жаза тағайындалады.
Әскери қызмет бойынша шектеу үш айдан екі жылға
дейінгі мерзімге дейін тағайындалады.
Сонымен, қылмыстық заңды осы бапты қолдану үшін бірнеше шарттар белгіленген. Біріншіден, бұл жаза келісім- шарт бойынша әскери қызмет өтеп жүрген сотталған әскери қызметшілерге; екіншіден, шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге; үшіншіден, бұл жаза көрсетілген адамдардың тек әскери қызметке қарсы (Қылмыстық кодекстің 16 – тарауы) қылмыс жасағаны немесе Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 44 – бабының 2 — бөлігінде әскери қызмет бойынша шектеудің екі түрі көрсетілген: 1) Осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның лауазымы көтерілмейді (батальон командирі полк командиріне, дивизия командирі армия командирі лауазымына).
2) осы жазаны өтеу кезінде сотталған адамның кезекті әскери атағы жоғалмайды. Бұл жазаны өтеу мерзімі әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген мерзімге есептелмейді.
Осы жазаны өтеу мерзімі Қылмыстық кодекстің 44 – бабының 1 — бөлімінде үш айдан екі жылға дейінгі мерзімде белгіленген.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлесі қаражатының сотының үкімімен белгіленген, бірақ 20 -%-тен аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады.

Бас бостандығынан шектеу.
Бас бостандығынан шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге оны қадағаулауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстарған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке – дара ретінде тағайындалады. Бас бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген. Мысалы, 108 — баптағы денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, 101 — баптағы абайсызда кісі өлтіру, 102 — баптағы өзін — өзі өлтіруге дейін жеткізу, т.б. құрамдар. Бас бостандығынан шектеуге сотталғандар арнаулы мекемелерде – қоныс колонияларында Республика көлемінде өтейді. Жергілікті өкімет және басқару органдары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді еңбекке орналастыруға міндетті. Бас бостандығынан шектеу мерзімі заңда 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзім деп белгіленген. Заң бойынша бас бостандығынан шектеу мына адамдарға қолданылмайды:
-кәмелетке толмағандарға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, елу бес жасқа толған әйелдерге, алпыс жасқа толған еркектерге, қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметкерлерге (45-бап,3-бөлім).
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күн үшін бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі (45-бап,2-бөлігі).
Бас бостандығынан шектеу жазасын өтеудің тәртібі және шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі бойынша белгіленеді.

Қамау
Қамау сотталған адамға тағайындалған жазаның бүкіл мерзімін қоғамның қатаң оқшаулау жағдайында тағайындалады. Қамау 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде белгіленеді. Қамау 16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамдарға және жүкті әйелдерге қолданылмайды. Әскери қызметшілер қамауды гаупвахтада өтейді. Қылмыстық атқару құқығы бойынша қамауды өтейтін орын – арнаулы қамау үйлері болып табылады. Осы жазаға сотталғандар жазасын осы мекемеде өтейді. Қамау жазасын өтейтіндер қоғамнан қатаң түрде оқшауланып, қамаудағы басқа адамдардан бөлек ұсталады. Осы жазаны өтеудің нақты тәртібі қылмыстық атқару заңдарымен реттеледі. Сот үкімі бойынша қамау жазасы тағайындалғандар сотталғандық атақ алады. Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде қамау жаза түрі ретінде қарастырылмаған еді. Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодекстің 46 – бабы 1 — бөліміне сәйкес қамау дегеніміз соталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
Қамау өзінің мәні жөнінен қысқа мерзімдегі бас-бостандығынан айыру болып табылады. Қамау негізгі жаза ретінде сот арқылы заңда тура көзделген ретте ғана тағайындалады. Ерекше бөлімнің көптеген баптарында қамау балама негізгі жаза ретінде көрсетілген. Мысалы: 105-бап — денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру; 106-бап – соғу; 107-бап,1-бөлігі – азаптау; 108-бап денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру,т.б.

Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазаның негізгі түрі болып табылады және оны орындау Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі арқылы жүзеге асырылады. Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметкерлерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім – шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметкерлерге егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады. Бұл жаза әскери қылмыстар жасағаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот ісінің мән – жайымен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандаған айырудаң орынды дәл сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамдарға қолданылмайды (47-бап 1-бөлім).
Заңға сәйкес жазалардың бұл түрін қолдану белгілі бір шарттарға негізделген:
Біріншіден, бұл жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген әскери қылмыстарды жасағандарға қолданылады. Қылмыстық кодекстің 16 – тарауындағы әскери қылмыстарды бұл жаза балама негізгі жаза ретінде көптеген баптардың санкцияларында көзделген. Мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау; бапқа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап 1-бөлігі): бастыққа қарсы күш қолдану әрекеті (369-бап 1-бөлігі):әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап) т.б.
Екіншіден, бұл жаза сот арқылы әскери емес басқа құрамағы қылмыстарды істеген әскери қызметшілерге сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына тағайындалмауы мүмкін.
Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау кезінде тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімі тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күн бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен белгіленеді (47-бап,2-бөлігі).
Жазаның бұл түрі шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге ғана қолданылады. Көрсетілген жаза офицерлік құрамдағы адамдарға қолданылмайды.
Қылмыстық орындау заңына сәйкес жазаның бұл түрін өтеу арнаулы тәртіптік батальонда орындалады. Осы жазаға сотталғандарды жаза өтеу мекемесіне жіберудің және оларды қабылдай алудың тәртібі ҚР Қорғаныс министрлігінің нормативті актісінде белгіленеді.
Тәртіптік әскери бөлімде жазасын өтеген немесе осы жазадан мерзімнен бұрын босатылған әскери қызметшілер соталған деп саналмайды (77-бап).

Мүлікті тәркілеу

Мүлікті тәркілеу – сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттік меншікке ықтиярсыз түрде тегін алу болып т абылады (ҚК.57 — бап). Қылмыстық кодекстің 39-бабы, 2-бөлігінде сәйкес бұл жаза тек қосымша жаза ретінде пайдакүнемдік қылмыс жасағандарға және кінәлінің іс-әрекеті сараланатын бапта басқа жазалармен мүлікті тәркілеу жазасы көрсетілген реттерде ғана қолданылады.
Осыған байланысты кінәлінің істеген қылмысын саралайтын бапта, мүлікті тәркілеу қосымша жаза ретінде көрсетілмесе, сот онда оған бұл жаза түрін қолдана алмайды. Кейбір жағдайларда қылмыстық заң мүлікті тәркілеуді міндетті түрде қолдануды талап етеді. Мысалы, аса ауырлататын жағдайда жасалған ұрлық (175-бап,3-бөлігі); тонау (178-бап,3-бөлігі); қарақшылық (79-бап, 3-бөлігі); қорқытып алғаны (181-бап, 3-бөлігі); немесе ауырлататын жағдайда ерекше құнды заттарды ұрлағаны (180-бап,2-бөлігі); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немсесе сату (206-бап,3-бөлігі); жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (207-бап,2-бөлігі); Мұндай реттерде сот мүлікті тәркілеуді тағайындауға міндетті. Мұндай жағдайда сотқа оны қолданбау тек қана Қылмыстық кодекстің 55-бабы негізінде ерекше мән-жайға байланысты неғұрлым жеңіл жаза тағайындалғанда ғана құқық береді.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында мүлікті тәркілеу мүмкін болатын қосымша жаза ретінде көрсетілген.
Мысалы, ауырлататын жағдайда жасаған ұрлық (176-бап, 2-бөлігі), тонау (178-бап,2-бөлігі), ерекше құнды заттарды ұрлау (180-бап,1-бөлігі) т.б. Мұндай реттерде мүлікті тәркілеуді қолдануды немесе қолданбауды тек сот қана істің нақты жағдайларын және кінәлінің жеке басының кім екендігін ескере отырып шешеді. Заң мүлікті тәркілеудің екі түрін қарастырған.
1. Соттлған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе ортақ меншіктегі үлесін толық тәркілеу.
2.Сотталған адамның мүлкінің бір бөлігін (ішінара) тәркілеу.
Толық тәркілеуде сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі түге л мемлекет меншігіне тегін алынады (51-бап,3-бөлігі). Мұндай жағдайда қылмыстық атқарушы заңдарда көзделген тізбекке сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы қажет мүлік тәркіленбеуге тиіс.
Сотталған адамның мүлкінің бір бөлігін тәркілеген кезде үкімде барлық мүлкінің қандай бөлігі (1/2, 1/3,және т.б.) тәркіленуге жататын заттардың тізімі дәлме-дәл көрсетілуі керек. Сотталушының үкім шығарған кезде мүлкінің жоқ болуы оның мүлкін тәркілемеуге негіз бола алмайды . Мүлкін тәркілеуді ақшалай теңгемен айырбастауға, мүліктің бағасы бойынша өндіруге жол берілмейді.
Қосымша жаза ретінде қолданылатын мүлікті тәркілеуді, жазаның жеке түрі болып табылатын арнаулы тәркілеуден ажырата білу керек .
Арнаулы тәркілеу дегеніміз сотталған адамнан қылмыстың құралы, заты болып табылатын немесе қылмыстық жолмен табылған мүліктің бәрін мемлекеттік меншікке ықтиярсыз түрде тегін алу болып табылады. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 286, 287, 288, 289 – баптарында осы жайында атылған.
Мүлікті тәркілеу кезінде мемлекет сотталған адамның борыштары мен міндеттемелері үшін жауапты болмайды, егер бұл борыштар мен міндеттемелер анықтама, тергеу органдары немесе сот мүлікті сақтау шараларын қолданғаннан кейін туған болса және оның үстіне сол органдардың келісімінсіз жасалған болса.
Тәркіленген мүлік есебінен қанағаттандыруға тиісті талаптар жөнінен мемлекет тек а ктив шегінде ғана жауапты болады, ал мұндай талаптардың қанағаттандырылуы кезектігі Азаматтық істер ж үргізу кодексі ережелерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бас бостандығынан айыру
Бас бостандығынан айыру – дегеніміз сотталға адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас бостандығынан айыру жазаның ең ауыр түрінің бірі болып табылады. Бас бостандығынан айырылғанда сотталған адамның құқылық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады , өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады, т.б.
Бас бостандығынан айыру жазасын сот істелген қылмыстың қоғамға едәуір зияндылығы орын алғанда, жасалған қылмыстың мәнін, кінәлінің жеке басын ескере отырып, қылмыс істеген адамның бостандықта жүріп түзелуі мүмкін емес, оның түзелуі қоғамнан оқшаулап түзеуге ықпал ететін ерекше шараларды қолдану қажет деп тапса ғана қолданылады. КР-сы Жоғарғы Соты Пленумының 24 маусым 1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заттарды дұрыс қолдануы туралы» №3 қаулысында соттардың назары ауыр қылмыс, әсіресе қылмысты ұйымдасқан топпен жасаған, бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалардың қатаң шараларын қолдануы керектігіне аударылады. Сонымен қатар ауыр емес қылмыс жасаған, қоғамнан оқшаулаусыз –ақ түзелуге қабілетті айыпты адамдарға жаза тағайындағанда бас бостандығынан айырмайтын, заңда көрсетілген басқа жаза түрлерін қолданған жөн деген ұсыныс айтылған.

Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15 жылға, ал Қылмыстық кодекстің 49 – бабының 1 — бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру 10 жылдан аспауы тиіс.
Түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол 6 айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айырудың ең жоғарғы мерзімі Қылмыстық кодекстің 49- бабының 3-бөлігінде, 69-бабының 5-бөлігінде және 75 – бабының 4 — бөлігінде көзделген жағдайларда – 25 жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша 30 жылдан артық болмауға тиіс.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасының шарттары: адамның аса ауыр қылмыс жасауы және бұл қылмыстар бір немесе бірнеше адамдардың өміріне қасақаналықпен қол сұғылуы, бірақ сот істің жеңілдететін ерекше мән – жайларын жеке кінәлінің жеке басының жағымды қасиеттерін ескере отырып өлім жазасын қолданбай-ақ , оның орнына кінәліге өмір бойына б ас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай – ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
Қылмыстық кодекстің 48-бабының тараптарына сәйкес бас бостандығынан айырылмағандарға жаза өтеу тәртібі төмендегіше белгіленген:
а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін 7 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – колония- қоныстарға (яғни, қоныс колониясында жаза өтеу үшін жаза Қылмыстық кодекс бойынша адам біріншіден, абайсызда қылмыс істеуі керек, екіншіден, сол абайсызда істеген қылмысы үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптың санкциясы бойынша жеті жылдан аспайтын бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы керек. Бұл жерде адамның бұрынғы сотталғандығы есепке алынбайды);
б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстары үшін жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жалпы режимдегі түзеу колонияларын: 1)істеген қылмыс қасақана қылмыс болса, оны сотталған бірінші рет істеуі; 2) бұл істеген қасақана қылмыс кішігірім ауырлығы орта және ауыр қылмыс санатына жатуы керек;
3) абайсызда жасаған қылмыстары үшін 7 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар болуы керек);
в)аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге – қатаң режимдегі түзеу колонияларына жіберіледі.
г)қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар – ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.
Аса ауыр қылмысы жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаңа мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде, бірақ бес жылға аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Заң жазаның қайсы бөлігін түрмеде өткізуді көрсетпеген. Бұл мәселе үкім шығарған сот арқылы ісінің нақты жағдайларына қарай шешіледі. Үкіммен тағайындалған түзеу мекеменің нысанын өзгертуді Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару заңдары белгілейді.
Өлім жазасы
Өлім жазасы – жазаның ең ауыр ерекше түрі болып табылады.
Өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайларында, мемелекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше а уыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 49 – бабына сәйкес өлім жазасы – ату мына төмендегідей қылмыстарды істеген үшін қолданылуы мүмкін: ауырлататын жағдайда адам өлтіргені (96-бап,2-бөлігі); геноцид (160); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында болған мемлекетке опасыздық (165); мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық (167); сот төрелігін немесе алдын – ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу (340); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттері (369-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайындағы қашқындық (373-бап,3-бөлігі); соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздік (380-бап,3-бөлігі); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (383-бап).
Өлім жазасы қарастырған Қылмыстық кодекстің баптарының санкциялары баламалы болып келеді.
Онда сот 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын немес е өлім жазасын немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды қолдауға жол берген. Іс жүзінде өлім жазасын соттар іс бойынша аса ауыр кінәлінің қауіпсіздігін ерекше дәлелдейтін мән-жайлар ғана болғанда ғана қолданылады.
Өлім жазасы кешірім беру тәртібі мен жиырма бес жыл бас бостандығынан немесе өмір бойына бас бостандығнан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.
Өлім жазасын қолданғанда сот әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алады (ҚК. 52 – бап).
Өлім жазасын қолдануға істелген қылмыстың ерекше ауырлығы, жазаны ауырлататын төтенше мән — жайлар мен қатар қылмыс істеген адамның айрықша қауіптілігі, моральдық азғындыққа түсуімен бірге, адам еместік іс — әрекеттерге барып, өте ауыр қылмыстар істеуі негіз бола алады. Сондықтан да өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстық істерді қарағанда сол барлық уақытта да сотталушының психикалық жан – күйін ерекше зерттейді.
Өлім жазасын қолдану барлық жағдайда істелген қылмыстың анықтаған мән – жайларын және сотталушының мейлінше толық сипаттамтын мәліметтерге сүйене отырып, үкімде дәлелденген болуы керек.
Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бұл тұрғыдағы қылмыстарды қарау облыстық соттардың құзыретіне жатады және мұндай істерді қарау үш судьяның қатысуымен жүргізіледі.
Өлім жазасы әйелдерге, сондай – ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасағандарға және сот үкім шығарған сәтте 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
Туған күннен кейінгі тәуліктің басталуы адамды 18 толған деп санауға негіз береді. Еркектер үшін 65 жасқа толуды үкім шығарған кезбен өлшеу қажет. Өлім жазасы туралы үкім ертеде ол күшіне енген соң 1 жылдан кейін орындалады.
Қолданылған әдебиеттер:
1 А.Н Ағыбаев Қылмыстық құқық
2 Азаматтық құқық
3 Қылмыстық кодекс ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!