Алматыда екі адам өрттің құрбанына айналды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда Медеу ауданында жеке үй өртеніп, салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Иесін құтқарам деп өзі өртеніп кеткен

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше от жалмаған үйден жеті жасар баланы көршілері шығарып алыпты. 

Небәрі 1,5 км қашықтақта орналасқан құтқарушылар штабынан өрт сөндірушілері 5 минутта келіп үлгеріпті. Өрттің көрші үй мен аулада тұрған көлікке ауысу қауіпі пайда болған. 

Үйдің ішінен ес-түссіз жатқан екі азамат — 1998 жылғы ер адам мен 1989 жылғы әйел табылып, сыртқа шығарылған. Алайда оларды аман алып қалу мүмкін болмапты. 

Өртті ауыздықтауға 26 минут жұмсалған. Тілсіз жауды сөндіруге 21 адам мен 4 техника бірлігі жұмылдырылған. 

 

 

 

stan.kz