Польша қазақстандық оқушыларға ноутбуктер жіберді – Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін Польшадан «SCAT» авиакомпаниясының чартерлік рейсімен Қазақстанға гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көмек

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, польшалық «Wipasz» компаниясы бірнеше рет қолданылатын қорғаныс маскаларын (100 мың дана), ал Любомир князьдерінің қоры  қазақстандық оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін дербес компьютерлерді (ноутбуктер) беріп жіберген.

 «Қазақстанға Польшаның мейірімді достық ниеті – COVID-19 пандемиясымен күресте жаһандық ынтымақтастықтың көрнекті үлгісі», – делінген СІМ хабарламасында.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың 17 наурызы мен 12 сәуірі аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-ден гуманитарлық көмек келді. Сонымен қатар, қытайлық дәрігерлер Қазақстанға тәжірибе алмасу үшін келді, ал Израиль, Оңтүстік Корея және Жапониялық дәрігерлер коронавируспен күресу бойынша онлайн-режимде тәжірибе алмасты.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз