Алматыда белгісіз ер адам жерасты өткелінде 23 жастағы қызды зорлап кеткен – Қазақстан жаңалықтары

0
14
Advertisement

Алматыда жерасты өткелінде қызды зорламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнаға сілтеме жасап.

қыз

Ақпаратты қалалық полиция департаментінде де растады.

Әлеуметтік желілерде Ақкент шағын ауданында бойжеткенге шабуыл жасалғандығы туралы ақпарат пайда болды. Бет-аузын тұмшалаған адам 23 жастағы қызға ойына келгенін істеп кеткен. Оқиғаның болғанына үш күн өтсе де күдікті әлі ұсталмаған.

Ақтотының айтуынша, белгісіз адам қоңырау шалу үшін одан телефон сұрайды. Ол өзінде телефон жоқ екенін айтып, үйіне тезірек жетіп алуды қалайды. Сондықтан жерасты өткеліне түсіп, шыға берген кезде жаңағы белгісіз адам мойынан қысып, оны талтырып тастаған.

«Есімді жиған кезде айқайлайын десем, тамағымды қысып, «қазір айқайласаң, сені осы жерде өлтіріп, көмін кетемін»  деді. Мен айқайладым, тағы да талдырып тастады», – дейді бойжеткен. Ол қазір далаға шығудан да қорқады.

Зорлықшымен арпалысып жүріп Ақтоты жерден тас тауып алады. Таспен қаскөйдің басынан ұрып, қашып кетеді. Үйіне әрең жеткен қыз көршілерінен көмек сұрайды. Тұрғындар жабылып іздегенімен, ешкімді таппаған, зорлықшы оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

Белгілі болғандай, жерасты өткеліндегі камералардың ешбірі істемейді, анығырақ айтқанда, камералар тек онлайн жұмыс істеп, видеоны сақтамайды. 

Ал қалалық полиция департаменті күдіктіні анықтап, заң алдында жауапқа тартылатынына сендірді. Қазір олар сот медициналық сараптамасының қорытындысын күтіп отыр.

 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз