42 500-ге қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы жарияланды

0
0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ол үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Карталық есепшотты да көрсетуге болады. Соның ішінде KZXXXXXXXXXXXXXXXX форматы да жарайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында негізгі бес сұрақты топтастырып, әрқайсысына жауап жазды.

1. Жұмыссыздар төтенше жағдайға байланысты 42 500 теңгеге өтініш бере ала ма?

– Егер адамның жұмыстан шығуы төтенше жағдайға байланысты болмаса, онда ол жәрдемақыға өтініш бере алмайды. Бірақ осы санатқа кіретін азаматтарға жұмыстан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем беріледі. Оны алу үшін жұмыссыз адам ретінде тіркелу керек. Ал жұмыссыз ретінде тіркелуге дейін «жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін қолдану қажет.

2. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға 42 500 теңге беріле ме?

– Жалпы, ерекше қажеттілігі бар адамдар осы жәрдемақыны алатындардың тізіміне кірмейді. Себебі олар мүгедектік бойынша әлеуметтік төлемдерді алады. Алайда адам төтенше жағдайға дейін қосымша кәсіппен айналысып, соңғы 12 айдың ішінде бір рет болса да, бірыңғай жиынтық төлемін аударса, 42 500 теңгенің жәрдемақысына өтініш бере алады.

3. Өтініште есепшоттың нөмірі, телефон және тағы басқа мәліметтер қате кетсе, өтінішті жаңадан жіберуге бола ма?

– Жоқ, өтініш бір рет қана беріледі. Одан кейінгі өтініштер біріншісі өңделіп біткенше тіркелмейді.

4. Есепшоттың нөмірін қалай көрсетеді? Өзімде есепшот болмаса, әйелімнің, я болмаса, басқа да жақын туыстардың есепшот нөмірін көрсетсем, бола ма?

– Есепшоттың кез келген нөмірін көрсетуге болады. Ол үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Карталық есепшотты да көрсетуге болады. Соның ішінде KZXXXXXXXXXXXXXXXX форматы да жарайды. Осы орайда айта кетер жәйт, картаның нөмірін, яғни сыртындағы 16 цифрды жазудың қажеті жоқ.  Әрбір картаның IBAN есепшоты бар. Оны банктің мобильді қосымшасынан көруге болады. Халық банк, Каспи банк пен Қазпоштаның клиенті болсаңыз, есепшоттың нөмірін анықтаудың тәртібін мына жерден көруге болады. Содан соң міндетті түрде жеке есепшотты енгізу керек. Басқа адамдардың есепшоты жарамайды. 

5. Өтініштер ұзақ қарала ма?

– Ережеге сәйкес, өтінішті қарау мерзімі – 3 күн. Қазіргі кезде бәрін осы уақыттың ішінде жасауға күш салып жатырмыз. Сондықтан сабырлық сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Өтініштер өте көп. Соның бәрі үздіксіз өңделеді. Өтініш бойынша шешім шығарылған бойда сізге SMS-хабарлама келеді.

Айта кетейік, өтініштерді eGov сайты, 42500.enbek.kz порталы немесе Telegram-бот қосымшасы арқылы беруге болады. Осы кезге дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алаяқтардың құрбанына айналмау үшін ресми боттардың сілтемесін таратқан болатын. Олар:

1. https://t.me/Help42500Bot

2. https://t.me/JambylObl42500Bot

3. https://t.me/Kostanai42500Bot

4. https://t.me/Karagandy42500Bot

5. https://t.me/Atyrau42500Bot

6. https://t.me/Turkistan42500Bot

7. https://t.me/Aqtobe42500Bot

8. https://t.me/Pavlodar42500Bot

9. https://t.me/Mangystau42500Bot

10. https://t.me/ZKO42500Bot

11. https://t.me/Qyzylorda42500Bot

12. https://t.me/SKO42500Bot

13. https://t.me/VKO42500Bot

14. https://t.me/NurSultan42500Bot

15. https://t.me/Shymkent42500Bot

16. https://t.me/Almaty42500Bot

17. https://t.me/AlmaObl42500Bot

18. https://t.me/Akmol42500Bot



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз