Қостанай облысында жетпістен аса адам қар құрсауында қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Оқиға орнына автопатруль мен арнайы техника жіберілді. Рудный қаласына бірінші кезекте балалар, әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедек адамдар жеткізілді

АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Қостанайда ауа райы күрт бұзылып, боран соғып, тасжолдарда адамдар мен көліктер тұрып қалды.

Polisia.kz порталының хабарлауынша, сәуірде ауа райының күрт өзгеріп, құбылмалы болатыны жайлы тұрғындарға алдын ала ескертілген.

«Ағаштарды тамырымен жұлып алды»: Қостанай облысында не болып жатыр – видео 

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында кей жолдардың қозғалысына шектеу қойылған. Қабылданған шараларға қарамастан, 7 сәуірде 102 нөміріне Қостанай-Рудный тасжолында көліктердің тұрып қалғаны және адамдарға көмек керек екені жайлы қоңыраулар келіп түскен.

«Дереу оқиға орнына автопатруль мен арнайы техника жіберілді. Жол анық көрінбеді, дегенмен көмек қолын сұраған азаматтарды таптық. Бірінші кезекте Рудный қаласына балалар, әйелдер, зейнеткерлер және мүгедек адамдар жеткізілді», — деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көмек қажет болған адамдар қауіпсіз жерге жеткізілген соң, синоптиктердің ескертуіне құлақ аспаған автокөлік жүргізушілерімен әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, адамдардың көпшілігі ауылдық жерде тұратын болғандықтан, олар үйлеріне жеткізілді.

Айта кетейік, алдағы үш күнде ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды.



sputniknews.kz