Алматыда базарлар жабылады деген ақпарат жалған — қала басқармасы — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда коронавирусқа байланысты жаппай базарлар жабылады деген ақпаратқа қатысты сөз қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

базар

WhatsApp-та белгісіз ер азамат қалада жаппай абазарлар жабылып жатыр деген ақпарат таратқан. Оның сөзінше базарлардың барлығы 10 наурыздан бастап жабылады екен. 

«Magnum және Small супермаркеттері жұмыс істейді, бірақ ондағы бағалар қымбаттайды. Сол үшін қазірден бастап қамдана беріңіздер», — хабарламаның авторы.

Бұл туралы Алматының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының өкілдері пікірі білдірді. 

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қалалық базарлар бұрынғы қалпында жұмыс істейді. Бұған қоса жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеміз», — деп мәлімдеді басқарма қызметкерлері. 

Бұған дейін Шымкентте коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталғаны жайлы айтылған еді. 

stan.kz