Home Жаңалықтар менің де балаларым мектепке барады, қауіп жоқ

менің де балаларым мектепке барады, қауіп жоқ

0
27

Елжан Біртанов егер Қазақстанда коронавирус мәселесі пайда болса, министрлік бірден тиісті шараларды қабылдайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов балабақшалар мен мектептерде, басқа да қоғамдық орындарда коронавирус жұқтыру қаупі жоқ екенін айтты. Себебі елімізде бұл індет тіркелмеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кореяда «коронавирус жұқтырған» қазақстандықпен байланыс орнатылды – министрлік 

«Менің де балаларым мектепке барады. Ешқандай қауіп жоқ. Бірақ тұмау маусымы болғандықтан, біз күзде және көктемде үнемі қажетсіз шараларды өткізбеуді ұсынып отырамыз. Мұндай ұсыныс әрқашан болған. Егер Қазақстанда коронавирус мәселесі пайда болса, біз бірден тиісті шараларды қабылдаймыз», – деді Біртанов мәжіліс кулуарында.

Министр қазір елде өткір респираторлық инфекциялар өршіп тұрғанын атап өтті. Дегенмен бұқаралық шаралардың бәрін шектеуге де қажеттілік шамалы.

«Айталық, егер бір екі пациентте коронавирус анықталса, онда біз осындай шектеу шараларын қолға аламыз. Тұмау ешқайда кетпейді. Халықты дүрліктірмеу үшін бұқаралық шаралардан бас тартуға, балабақшалар мен мектептерге баруға тыйым салуға дайындалуымыз қажет. Әзірге мұндай қажеттілік жоқ», – деді ведомство басшысы.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде мектептерде коронавирусқа байланысты карантин жарияланғаны туралы хабарлама тараған болатын. Кейінірек бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.

Мерекелік ертеңгіліктер мен шаралар ата-аналардың қатысуынсыз өтеді. Мұндай шара тұмау мен өткір респираторлық вирусты инфекцияның таралуына жол бермес үшін қолға алынып отыр.



sputniknews.kz