Алматыда 1 миллионнан астам масканы жоғары бағамен сатуды жоспарлаған алаяқтар ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласының бірнеше тұрғыны медициналық маскалардың партиясын жоғары бағамен сатпақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

маска

Осы жылдың 18 наурызында Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қаланың бірнеше тұрғынын қолға түсірген.

«Іс-шаралар барысында қаланың төрт нүктесінде медициналық маскаларды жоғары бағамен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қандай да бір құжатсыз сатқан тұлғалар ұсталды. Рейдтік іс-шаралар нәтижесі бойынша қызметкерлер жалпы сомасы 191 миллион теңгеге 1 053 520 бетперде тәркіледі», — делінген қаржы мониторингі комитетінің баспасөз хабарламасында.

ҚМК-да алынған барлық медициналық маскалар дереу Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына жіберілгенін атап өтті.

Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

«ҚР ҚМ ҚМК Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды сату бойынша алаяқтық схемалардың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізетін жедел — тергеу топтарын құрды», — деп толықтырды ведомствода.

stan.kz