Түркістанда бір отбасы тұтастай коронавирусқа шалдықты деп жала жапқан азаматтар ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан қаласында бір отбасы коронавирус жұқтырды деген жалған ақпарат тарлды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.   

Белгісіз біреулер WhatsApp мессенджері арқылы жергілікті тұрғын отбасымен коронавирусты жұқтырды деген ақпарат таратып жіберген.

Жала жабылған тұрғын отбасымен бірге Еуропада саяхат жасап келіпті. Алматы қаласына оралған әйел мен оның отбасын дәрігерлер толық тексеруден өткізіпті. Олардың карантинге жіберілуіне еш негіз болмағандықтан, жанұя үйлеріне қайтыпты.

Үйіне келгеннен кейін, Еуропаға саяхат жасап келгендерге Түркістан қалалық емхана мен СЭС қызметкерлері бақылау орнатқан көрінеді. Мамандардың сөздерінше, ешкімнің бойынан аурудың белгілері және басқа да ауру түрлері анықталмапты. Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оның отбасы мүшелері ақ халаттылардың қадағалауынан шығарылыпты. 

ПД қызметкерлерінің мәліметінше, аталған жайт бойынша үш адамға қолға түсіпті.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушы Түркістан қаласының тұрғындары яғни үш күдіктіні анықтапты. Күдіктілер өз әрекетін толық мойындап, өкінетіндіктерін жеткізді. Олар бұл хабарды туыстары мен жақындарын ескерту үшін таратқанын түсіндірді. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер істің толық мән-жайын анықтауды бастады», — деді полиция өкілдері.

Атап өтерлік жайт, бұл жағдайға қатысты ұсталған азаматтар ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабы “Жалған ақпарат тарату” бойынша жауапкершілікке тартылады.

https://www.youtube.com/watch?v=64p-GqBy5Jg

 

stan.kz