Алматы тұрғыны болмашы нәрсе үшін бейтаныс жігітті пышақтап кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілсе де, көп ұзамай қайтыс болды. Ал сот үкімі әлі күшіне енген жоқ

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Алматыда ер адам өзіне тесіліп қараған жігітке ашуланып, оған төрт рет пышақ сұққан. Зардап шеккен тұрғын ауруханада көз жұмды. Кінәлі 15 жылға сотталды, деп хабарлайды InAlmaty.kz.

Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2019 жылдың қыркүйегінде болған.

Сот ақпаратына сай, В. деген ер адам болашақ әйелі, кішкентай қызы және досымен серуендеп жүріп, бір топ жастар жаққа көз салып өткен. Сол сәтте Ж. деген азамат та оған қараған.

Тағы оқыңыз: Елорда сауда орталығында бүлік шығарған адамды кімдер ұстады – видео

Алматы тұрғыны тоқтай қалып, Ж. деген адамнан неге сонша тесіліп қарағанын сұраған. Жас жігіт те оған сол сұрақты қайтара қойған. Екеуінің арасында ерегіс басталып, ер адам сөмкесінен пышағын алып шығып, Ж. есімді азаматтың кеудесіне төрт рет сұққан. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілсе де, көп ұзамай қайтыс болды.

ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен алматылық кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз