Қазақстанда 100 мыңға жуық компания үш жылға салық төлеуден босатылды – Қазақстан жаңалықтары

0
6

Жүз мыңға жуық компания табыс салығын үш жыл ішінде төлемейді. Аталған өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «24.kz» арнасына сілтеме жасап.

Мұндай жеңілдіктер арнайы салық режимінде жұмыс істейтін микро және шағын бизнес кәсіпкерлеріне беріледі.

12 жыл бойы жүк тасымалдау саласында жұмыс істеп келе жатқан Айжан Жақабаева компаниясы да салықтан босатылғандардың қатарына кірген. 11 адамды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкер салықты үнемі уақытында төлейтінін айтты.

«Қазір, 2020 жылдан бастап, Президенттің бұйрығымен біз бір жылға дейін ЖТС, әлеуметтік салықтан босатылдық. Есеп бойынша, үш жылға мораторий жарияланды.  Бұл бізге осы ақшаны бизнесімізге салуға және одан әрі дамуға, өсуге көмектеседі. Бұл біз үшін өте үлкен плюс. Енді біз басқа шығындарымызды жауып, болашақта одан әрі өсе аламыз», – деді Айжан.

Мамандардың есептеуінше, үш жыл ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық демалыстарға байланысты шамамен 350-360 миллиард теңге мемлекет қазынасына түспейді.

«Біздің міндетіміз – салық төлеушілеріміздің өсіп, орта, ірі компаниялармен бір қатарға тұруы. Бұл мораторий дәл осы үшін қолданылады. Біз реттегіш ретінде осы кезеңде өзіміз арнайы тәртіпті жетілдіреміз, ақпараттық жүйелерді жетілдіреміз. Біздің міндетіміз – микро бизнес пен шағын бизнес біздің мемлекеттік органдармен, яғни салық қызметтерімен іс жүзінде кездеспеуі», – деді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.

Алайда, салық төлемдерінен бәрі босатылмайды. Жеңілдіктер банктік және күзет қызметіне, аудитке, лотереялар өткізуге қатысты емес. Бұл бағдарламаға сыртқы саудамен айналысатындар да енбеген.

Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, үш жылдық кезеңге тексерулер бойынша мораторий қолданылады.

«Біз мемлекеттік орган ретінде көшпелі тексерулерді қысқартамыз, ең алдымен, қашықтықтан бақылауға көшеміз. Тиісінше, қазір қашықтықтан бақылаудың нәтижелері көшпелі тексерулерден әлдеқайда жоғары», – деді ол.

Айта кетейік, бұл шаралар шағын бизнесті дамытуға серпін беріп қана қоймай, сонымен қатар оны әлі күнге дейін шешпеген адамдарға өз ісін бастауға мүмкіндік береді.

stan.kz