Алматы облысында ресейлік нөмірлі жүргізуші айыппұл төлейді
Алматы облысында көлік жүргізушісі 5 миллион 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Ол 184 мәрте жол ережесін бұзған. ВАЗ 2114 маркалы көліктің мемлекетттік тіркеу нөмірі де Ресей Федерациясына тиесілі болып шықты. Көлік айып тұрағына қойылып, иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы жыл басынан бері өңірде 51 жол апаты өзге елде тіркелген автокөліктердің есебінен болған. 11 адам қаза тауып, 45-і жарақат алған. Айта кету керек, Ресейде тіркелмеген бірақ Алматы облысы аумағында жүрген мың жарым көлік анықталған.
Еске салайық, Ішкі істер министрлігі полиция Ресей нөмірін таққан көліктерді тексеріп жатқанын хабарлаған едік. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов тамыз айынан бері көрші елдерден келетін көліктерді тексеру шаралары атқарылғанын айтты.