Амандық Баталов: Балқаш көлінде демалыс курорты салынады

0

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Балқаш көлінде болашақта туристік нысандар салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Балқаш көлінде туризм дамитын болады. Қазір біз бас жобаны бітірдік. Сарқан ауданында жүзеге асады. Туризм басқармасымен бірігіп, республикалық бюджеттен қаражат сұрадық. Енді жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, 140 километр жолды жасаймыз деп шештік.

Магистраль Талдықорғаннан Лепсіге дейін, ар жағында 20 километр көлдің жағасына дейін салынады. Жердің бәрін жекеменшікке таратып жіберген. Соның бәрін қалпына келтіріп, кімнің қаражаты бар, қандай жоба жасайды, бәрін ойластырып жатырмыз.

Кішкене уақытта Балқашты да дәл Алакөл сияқты ең күшті курорттардан кем емес етіп, жасаймыз. 16 километр болатын жол, электр, су жүйелері, соның бәрін санап қойдық. Жақында бәрін қолға алатын боламыз», – дейді әкім.

Сондай-ақ өңір басшысы жыл басынан бері 9 590 орынға арналған 135 балабақша ашылғанын мәлімдеді.