Алматы облысының әкімі 30 жыл ішіндегі өңір жетістіктері туралы айтты

0

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 30 жылда өңірдің дамуы турлы айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Биыл барша қазақстандықтар үшін айрықша жыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы күнге Алматы облысы жақсы нәтижелермен жетті. Мәселен, жалпы өңірлік өнім көлемі 35 млн теңгеден 3,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Өнеркәсіп өнімін шығару 9,5 млн теңгеден 1 трлн 200 млрд теңгеге дейін өсті, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі биыл 1 трлн теңгеден асады», — деді А. Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, 30 жыл ішінде 14,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджетке түсімдер 1997 жылғы 11 млрд теңгеден 742 млрд теңгеге дейін өсті. 30 жылда облыс экономикасына 6,5 трлн теңге инвестиция салынды.

Сонымен қатар ол биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында тұрақты өсім болғанын айтты.

«Жыл соңына қарай өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн 300 млрд теңгеден асады. Шикізаттық емес экспорт 6 пайызға өсіп, 392 млн АҚШ долларына жетеді», — деді әкім.