Алматы облысында пышақ ұстаған ер адам оқушы қыздарға тап берді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бірнеше сағаттан кейін полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 мамыр — Sputnik. Алматы облысының полицейлері екі оқушыны пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған күдіктіні ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

28 мамыр күні Алмалыбақ кентінің тұрғыны Қарасай ауданының полициясына арыз жазды. Әйел белгісіз біреу жергілікті саяжолда құрбысымен бірге серуендеп жүрген 13 жасар қызына тап бергенін айтқан. Ер адам балаларды пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған.

Полиция бірнеше сағаттан кейін күдіктіні анықтады, ол 30 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

«Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қыздардан алынған ұялы телефондар, сондай-ақ ол қолданған пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді», – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Ер адам бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз