Малайзия шетелдің қоқысын өздеріне қайтармақ

0

Малайзия шетелдің қоқысын өздеріне қайтармақ

Малайзия 450 тонна пластикалық қалдықтарды келген елдеріне қайтармақ. Сейсенбі күні Порт-Клангтегі тоғыз көлік контейнерінен өңделмеген қалдықтар табылған. Олардың арасында тұрмыстық және электронды қоқыстар бар.

Қоршаған орта істері жөніндегі министр Яо Би Ин АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Қытай, Сауд Аравиясы, Бангладеш, Нидерланды мен Сингапурдың қалдықтарын күтуін мәлімдеді. Малайзия заңсыз әкелінген пластик қалдықтарды өз елдеріне қайтарады. Өткен айда бес контейнер Испанияға қайтарылған. 


 
Reactor

reactor.inform.kz