Алматы-Бішкек тасжолында әйел мен ер адам көз жұмды – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы-Бішкек трассасында әйел мен ер адам ажал құшты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

ДТП

Қайғылы оқиға 14 сәуір күні түнде Қарасай ауданы Алматы-Бішкек тасжолынан 25 километр қашықтықта болды. 

«56 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйел адам түнгі уақытта жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Екеуі де көз жұмды. Қазір фактіге сәйкес, ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жол-көлік оқиғасын тергеу облыстық тергеу басқармасына жүктелді», – делінген облыстық полиция таратқан хабарламада. 

Полиция азаматтарды автожолда абай болуға шақырды. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз