«Такой сладкий» Димашты өзбек қыздары қаумалап алды – видео

0

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстандық әншіні Өзбекстандағы фанаттары ерекше күтіп алды  

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Димаш Құдайберген Өзбекстанға келді. Желіде қазақстандық әншіні ала тақиялы ағайындар сән-салтанатымен күтіп алғаны жайлы видеолар таралып жатыр.

Бір күн бұрын Димаш instagram-дағы парақшасында түнгі Шанхайдың суретін жариялап: «Кешке Бейжіңде боламын. Таңертең Өзбекстанға Ташкент қаласына барамын. Күндеріңіз сәтті өтсін», — деп жазған еді.

Шолпан Табаева есімді желі қолданушысы әншінің Ташкент қаласына келгенін хабарлап, бірнеше видео жариялады.

«Димашты Ташкентте қалыптасқан дәстүр бойынша ұлттық музыкамен және гүлмен қарсы алды», — деп жазды Димаштың фан-клубының мүшесі.

Видеодан Димашты қаумалаған жұрт оның қолтаңбасын алып, бірге суретке түсіп қалуға тырысқаны көрінеді.    



sputniknews.kz