Алматы әуежайында ұсталған қырғыз кәсіпкері Кенжебаев 2 айға қамалды

0

Алматы әуежайында ұсталып, Бішкекке жіберілген қырғыз кәсіпкері Сырғақ Кенжебаев екі айға тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оның әйелі, Қырғызстан парламентінің экс-депутаты Шырын Айтматова хабарлады.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰКҚ) сот шешіміне қатысты қандай да бір пікір білдірмеді.

Сырғаш Кенжебаев 19 желтоқсанда Алматы әуежайында ұсталған. Кейін оны МҰКҚ ұстағаны белгілі болды. Комитет Кенжебаевқа “алаяқтық” айыбы тағылғанын хабарлаған. Оның үстінен ұлты ұйғыр, Қытай азаматы “350 мың доллар ақшамды алдап алып қойды” деп арызданған.

Оқи отырыңыз: Алматыда қырғыз белсендісі Шырын Айтматованың күйеуі ұсталды. Оқиғаның анық-қанығы

Елдегі жемқорлықпен күрес кампаниясына қатысып жүрген Шырын Айтматова күйеуіне қозғалған істі өзінің “саяси белсенділігімен” байланыстырады.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз