Қырғыз режиссері Болот Шамшиев өмірден өтті

0

Қырғызстанның халық әртісі, белгілі кинорежиссер Болот Шамшиев 79 жасына қараған шағында өмірден өтті. Режиссердің қазасын 20 желтоқсанда жақындары естіртті.

Қарашаның соңында Шамшиевтің жансақтау бөліміне түскені хабарланған.

Шәмшиев 1941 жылы 12 қаңтарда Бішкекте туған. Мұхтар Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы” әңгімесінің желісі бойынша фильм түсірген. “Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері”, “Қасқырдың апаны”, “Ақ кеме”, “Ерте қайтқан тырналар” сынды фильмдердің режиссері.

1964-1990 жылдары “Қырғызфильм” киностудиясында қоюшы режиссер болды. 1989-1995 жылдардағы Қырғызстан парламентінің депутаты. 1998-1999 жылдары Қырғызстан спорт және туризм агенттігін басқарды. 1995-2000 жылдары Қырғызстанның БАӘ-дегі елшісі қызметін атқарған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз