Әлия Ракишева сенатта қызметке отырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлия Ракишева сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бұйрығымен Ракишева Әлия Ғалымжанқызы сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Әлия Ракишева 1980 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Осы жылдар ішінде ол Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде, орталық сайлау комиссиясында басшылық қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бастап президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы лауазымын атқарды, 2018 жылы президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Сенатқа тағайындалғанға дейін ол президенттің кеңесшісі болып жұмыс істеген. 5 мамырда оның басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметінен босатылғаны белгілі болды.

stan.kz