министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Денсаулық сақтау министрлігі халықты жалған мәліметтерге сенбеуге және ресми ақпарат көздерінен мәлімет алуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары Оңтүстік Қазақстанда оқушыларға чип салынады екен деген хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан еш нәрсені жасырмайды – Тоқаев

Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаеваның айтуынша,  аудиохабарлама әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған. Фотосы да бар. Онда халыққа жаппай екпе салу, оқушыларға чип енгізу жайында айтылған.  

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Халықты жалған мәліметтерге сенбеуге және ресми ақпарат көздерінен мәлімет алуға шақырамыз. Барлық ақпарат министрліктің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасында бар», – деді Әзімбаева бүгінгі онлайн брифингте. 

Осы орайда бас сарапшы жалған ақпарат таратқан адамдардың Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапқа тартылатынын еске салды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз