Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 миллионнан асты — Қазақстан жаңалықтары

0

Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметтері бойынша әлемде коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының жалпы саны 2 563 384 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Әлемдегі COVID-19 құрбандарының жалпы саны — 177 424 адамға жетті, ал сауыққандар саны 681 477 адамға жетті. 

Коронавирусқа қатысты күрделі жағдай АҚШ-та, Италияда, Испанияда және бірқатар еуропалық елдерде байқалады.  

Жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелген. Вирус 824 438 адамда анықталды, 75 289 айықты. Пандемия басталғаннан бері вирус елдегі 45 042-ден астам адамның өмірін қиды, бұл ретте ең көп өлім Нью-Йоркте тіркелді — 14 887. 

Италия өлім көрсеткіші бойынша екінші орында тұр, онда 24 648 адам коронавирустың құрбаны болды. Елдегі жұқтыру жағдайларының жалпы саны 183 957 болды. 24 648 адам вирусты жеңіп шықты.

Испания коронавирусты жұқтыру жағдайларының саны бойынша екінші орында. Елде 204 178 ауру оқиғасы расталды, 21 282 адам көз жұмды. 21 282 адам сауықты. 

Бұдан басқа, Францияда жұқтырғандардың жалпы саны 159 299 болды. Вирус 20 829 адамның өмірін қиды. Германияда COVID-19 жұқтырудың 148 453 оқиғасы тіркелді, 5 086 адам көз жұмды. Ұлыбританияда пандемия басталғаннан бері 130 175 коронавирус жұқтырды, 17 378 адам вирустың құрбаны болды. 640 адам сауығып кетті. 

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2000-нан асты.

stan.kz