вирус 2 025 адамда расталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Елде тағы 30 адамда COVID-19 анықталды. Жаңа жағдайлар Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен астана және Алматы қалаларында тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір –Sputnik. Қазақстанда тағы 30 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Павлодар облысы — 3, Жамбыл облысы — 6, Қостанай облысы — 7, Маңғыстау облысы — 2, Батыс Қазақстан облысы -2, астанада -6, Алматы қаласында екі адамнан коронавирус анықталды», — делінген ақпаратта.

Осы уақытқа дейін барлығы 2 025 адамда инфекция расталды.

Алматы қаласы – 680, Нұр-Сұлтан қаласы – 401, Қызылорда облысы – 151, Қарағанды облысы – 101, Шымкент қаласы – 103, Ақмола облысы – 83, Атырау облысы – 82, БҚО – 70, Жамбыл облысы – 76, Түркістан облысы – 66, Алматы облысы – 55, Павлодар облысы – 37, СҚО – 30, Ақтөбе облысы – 27, Қостанай облысы – 27, Маңғыстау облысы – 16, ШҚО – 11.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 489 адам аурудан жазылды. 19 адам індеттен қайтыс болды.



sputniknews.kz