Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

0
47

Синоптиктер 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады.

«Солтүстік және оңтүстік циклондардың қосылуы республиканың оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын тудырады. Кей жерде жел күшейеді, оңтүстікте және шығыста, сондай-ақ орталықта, өте күшті, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -25…-30 градусқа дейін төмендейді деп болжанады», — деді синоптиктер.