Айгүл Орынбек: Кеше ғана заң жоқ, біздің сорлы билік деп құсып жатқандарың қайда?

0
302
Сурет: USAGI_POST

«Кеше ғана өгей шешесінен қорлық көрген үш қызға жандарың ашып, анасын қарғап-сілеп отырған қоғам, бүгін ұрып соғуды, зорлық зомбылықты қолдап отырғандарыңа таңым бар!

Кеше ғана заң жоқ, біздің сорлы билік деп құсып жатқандарың қайда? Заңмен танысып шықтым! Келіспейтін тұстар бар яғни экономикалық тұрғыда, әр балаға бір бөлме деген секілді!

Ол бапқа да негізі дұрыс көзбен қарау керек, яғни сен көп балалы болсаң, үйіңнің квадратурасы жетпей жатса, мемлекет үлкен үй алып беруге міндетті деп өзгерту енгізу керек! Яғни бұл бапты да өзімізге тиімді қылып пайдалансақ болар еді, яғни қазақ халқының көбеюіне септігін тигізер еді. Сіздердің орындарыңызда осылай өзгеріс жасауға ұсыныс айтар едім бұл бір!

Екіншіден 35-бап яғни баланың денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жағдай болса, баланы мемлекеттік органдар, сот шешімі шыққанша өз қарамағына бақылауға алады. Бұл жерде яғни Сот шешеді баланың ата-анасында қалуы-қалмауын!
Яғни ол қандай жағдай орын алады. Суреттегі жағдайды көріп тұрсыздар ма? Ата анасы өлтіріп ұрып, денсаулығына қатты зиян келтіріп, өлім аузына жеткізгенде құзырлы органдар араласуға құқылы. Оның өзінде бала шағым келтірсе! Ойбайлай берудің қажеті жоқ, заңды шығарып отырғандардың да балалары бар, олар да ойнап отырып бұл заңды шығармайды! Сотта ақымақ емес шығар, мамам айфон әпермеді десе, алып қоятын!

Ол баланың бәрін жинап алып қайда бағады?

Сәл ойланыңдаршы, біреулер депті екен деп шулай жөнелмей, түбін зерделеңіздер!

Мемлекетке сенің балаң керек емес, қорықпай ақ қой!

Жетісайдағы үш қыздың оқиғасы немен біткенін білесіздер ме? Қыздар әкесіне қайтарылды сотпен! Қыздары қаншама жыл зорлық көріп жүргенін көрмеген әкеге қыздар қайтарылды, себебі заңымыз әлсіз болған соң!

Үшішіден 5 – баб 11-ші тармағына тоқталайын:
«Адамның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді болғызбау.»

Бұл жерде әдет ғұрып деп тұрғанымыз қинап намазға жығу, хиджап кигізу, еркінен тыс тұрмысқа беру!

Яғни баланы өз еркінен тыс мәжбүрлеп өз сеніміне тықпалау!

Көзі ашық отбасыда балаға қол көтеру болмайды! Мені баяғыда ұрған, мен одан өлген жоқпын десең, балаң ынжық, ұяң көр соқыр болады. Баланы ұрмай соқпай ақ тәрбилеуге болады!

Зорлық зомбылыққа жол жоқ!

Заңның келіспейтін жерлерін талқылауға әрқашан дайынмын», – деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.