Алдағы күндері елімізде ауа райы жылымақ — новости Казахстана

0

Алдағы күндері ауа температурасы жылиды деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:www.rbc.ua

Фото:www.rbc.ua

Синоптиктердің хабарлауынша, сібір антициклоны еліміздің көптеген облыстарының ауа райына ықпалын жалғастырады.

Алдағы тәулікте, әсіресе түн уақытында аяз сақталады. Еліміздің батыс облыстарына циклон мен атмосфералық фронттар әсер етіп жылы және ылғалды ауа массалары енеді.

Осы циклонның шығыс бағытқа жылжуы кей жерлерде қардың жаууына, бұрқасын, көктайғақтың болуына әсерін береді. Оңтүстік батыстан жел соғуы мүмкін.

«Аяздың беті қайтып, температура біртіндеп жоғарылайды», — дейді мамандар.

Gismeteo болжамы бойынша, 27 желтоқсанда Астанада ауа температурасы түнде және таңертең —28, —31 градус болса, күндіз және кешкі —22, —23 градус. 28-29 желтоқсанда ауа температурасы —14 градус болады.

Алматыда 27 желтоқсанда түнде және таңертең 7, 8 градус нөлден төмен, қар жауады, күндіз және кешке 4-6 градус суық. 28 желтоқсанда күндіз ауа температурасы минус 2 градус, ал 29 желтоқсанда 3 градусқа дейін нөлден жоғары болады.

Шымкентте 27 желтоқсанда ауа температурасы 9 градус жылы болады. Ал 28-29 желтоқсанда ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады.