Сен өз құқығыңды білесің бе?

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 6 сынып

Сен өз құқығыңды білесің бе?

Мақсаты:

Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру , құқықтық білімдерін толықтыру.Адамгершілік , ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына , адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге , өмірде қолдана білуге баулу.Түрі: Сынып аралық топтық жұмыс.

Көрнекілігі: Қ.Р рәміздері, ҚР конституциясы, заң туралы қанатты сөздер.

Сайыс жоспары:

«Тікелей сұрақ» әр топқа 10 сұрақ«Өз құқықтарын білу»«Жағдаяттық сұрақтар»«Мұны әрбір оқушы білуі тиіс»Қанатты сөздер:

«Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы

«Балам бол, басқа бол- бәріңе заң біреу»

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.» Ж. Баласұғын.

Сайыс барысы:Ұйымдастыру-екі топқа бөлінген оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.

І топ «Бейбітшілік»

ІІ топ «Заңгерлер»

ІІІ топ «Ақиқат»

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар және ұстаздар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1 бабында «Қ.Р құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқытарымен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді енгізген.

Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтанда заңды білузаман талабы.

І бөлім. Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Тікелей сұрақтар». Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.

І топ

Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынша, «құрылым» «өкілім»)Қ.Р Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы? (халық)Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (президент қол қойған соң)Егемендік алғаннан кейін ҚР Конститутциясы қанша рет қабылданды? ( 2 рет, 1993.28.01. 1995 .30.08)Республикадағы жоғары заң шығарушы орган? (парламент)ҚР азаматтары еңбек етуге мендеттіме? (міндетті емес)«Қасым ханның қасқа жолы» қанша бөлімнен тұрады? (5 бөлім)ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)ҚР қабылдаған қандай заңдарды білесін?ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан)ІІ топ

Құқық дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің)ҚР-да ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)ҚР «Бала құқытары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз)ҚР валютасы қашан қолданысқа енді. (1993 жыл 15 қараша)ҚР әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы мемлекет)ҚР қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас?(Франция)«жеті жарғыда » бір құнның мөлшері қанша? (1000 қой)Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ 1787 ж)ІІІ топ

Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (халық билігі)Адам құқығының жалпыға бірдей декларация қашан қабылданды? (1948 ж 10 желт)ҚР басқару құрылымы қандай? (президенттік республика)Халықпен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (президент пен парламент)ҚР «Мемлекеттік нышандар туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж 4 маусым)ҚР «Баланың құқығы туралы » заң қанша баптан , қанша тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап)1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? (халық бірлігі мен тарих жылы)17 желтоқсан қандай күн? (демократиялық жаңару күні)«Жеті жарғы» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке жан)Балалар құқықтарының конвекциясы қашан қабылданды? (1998 жыл)

ІІ бөлім. Өз құқығынды біл (Бала құқытары туралы) Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

Баланың азаматтық құқығы қай кезден кезден басталады? (бала туған кезінен басталады)Қай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балар құқығы туралы» конвекция қабылданды?(1989 жыл 20 қараша)Неше жасқа толмаған адам бала болып есептелінеді? (18)Әр адамның жеке басының куәләндыратын құжат қандай (төлқұжат)Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмірсүру құқығы)«Бала құқытары туралы» конвекцияға қосылуға ниет білдірмей отырған елдер? (АҚШ, Сомали)Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап)ІІІ бөлім. «Жағдаяттық сұрақтар» 5 ұпай

І топ. Мәдина түрік жігітіне тұрмысқа шықпақшы, бірақ ата-анасы қарсы. Себебі олар Мәдина ҚР азаматтығын жоғалтады деп қорқады және өз еліне келе алмайды деп алаңдайды. Мәдина азаматтығын жоғалта ма? (7-бап жоғалтпайды)

ІІ топ. Ирина мен Қайрат ҚР азаматтары, бірақ олар Украинада келісім бойынша жұмыс істейді. Олардың отбасында ұл бала дүниеге келді, балаға қай елдің азаматтығы беріледі? (16 бап ҚР азаматтығы беріледі)

ІІІ топ. Қарт адам Париж қаласындағы ҚР елшілігіне келіп, оған ҚР азаматтығын беруді өтінді, бірақ ол кісі жасырынып жүрген халқаралық соттың шешімімен өмір бойы темір тордың ар жағында отыруы керек қылмыскер болатын. Оған азаматтық берілеме? (17 бап берілмейді)

ІV бөлім Мұны әрбір оқушы білуі тиіс. (10 ұпай)

І топ «Бейбітшілік» Оқушы құқықтары

ІІ топ «Заңгерлер» Оқушы міндеттері

ІІІ топ «Ақиқат» Оқушы жауапкершілігі

№ 40 орта мектеп

Тәрбие сағатыТақырыбы:Зорлық зомбылықсыз балалық шақ

Сынып жетекшісі: Ноғайбекова МеруертСынып: 6 «Г»

2018-2019 о.ж

Сабақтың тақырыбы: Интернеттің жағымсыз жағына тосқауыл қою

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, Сабақтың түрі: түсіндіру /пікірталас/

І . Сабақтың барысы:1.Шаттық шеңбері (3 мин)

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу (3 мин)

2.Қызығушылық ояту (6 мин)

видео-ролик көрсету

Мағынаны тануа) Топтық жұмыс (постер қорғау) (10 мин)

ә) топтық жұмыс (Тви шоу, радио бағдарлама, көрініс)( 15 мин)

Ой толғаныс(3 мин)«Алтын қағида» әдісі арқылы

5.Кері байланыс(2 мин)

Қылауша, күннің көзі арқылы

ІІ. Қызығушылықты ояту.

— Т опқа бөлу

— Ж үргізілген сауалнамаға назар аудару.

— ғаламтор пайдаланып көрдіңіз бе?

— ғаламтор балалар үшін қауіпсіз дегенге келісесіз бе?

Б алалар, бүгінгі сабағымыз тақырыбы қандай болмақ?

ІІІ. Мағынаны тану.

Мұғалім: ғаламтор туралы кіріспе

. Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Топтық жұмыс. Постер қорғау.

І –ші топ ғаламтордың пайдасы туралы айтады.

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық – коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Интернет мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 – 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 – 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор

Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан – жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе – көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады1. Алысты жақындату2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.3. Сана – сезімді жоғарылату.4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдардықабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;— Қаржылық операциялар жасауға;— «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес

ІІ–ші топ ғаламтордың зияны туралы айтады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу – баланың айналасындағы адамдармен бетпе – бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы – ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс – шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық – зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс – шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз – қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық – зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады.

Балалар ойлап тапқан 7 жаңалық. Топтық жұмыс тви шоу, радио бағдарлама, көрініс.« Алтын қағида » ережесі«сен есіңе сақтап ал»

қауіпсіз ережелер ді ескеруді,әр 20 – 25 мин. Көзге жаттығу жасауды;көзбен компь ютердің арасы 60 – 70 см болуын;Компьютер алдына кактус гүлін қоюды;Ғаламторға тәуелді болмауды;Жат киноларға көңіл бөлмеудіМҰҒАЛІМ СӨЗІ «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:Сақтық – деген әрқашан байқап жүрмек,Пайда не залал ма ескерілмек,Көргенің естігенін есепке алса,Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, жұмыс жасадық.Жер халқының келешегі жас буын, яғни сіздер! Сіздердің мәселе лерің шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де бол са өте қажет, оның пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз.!

Қорытынды: екі жұлдыз, бір ұсыныс.

« Алтын қағида » ережесі«сен есіңе сақтап ал»қауіпсіз ережелер ді ескеруді ;әр 20 – 25 мин. Көзге жаттығу жасауды;көзбен компь ютердің арасы 60 – 70 см болуын;Компьютер алдына кактус гүлін қоюды;Ғаламторға тәуелді болмауды;Жат киноларға көңіл бөлмеуді

Тақырыбы: Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ.

Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап

Барысы:

І – Кіріспе бөлім

ІІ – Негізгі бөлім.

а) Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын

ә) Балалар құқығын қорғау

б) Білімді ұрпақ ел ертеңі (сұрақ — жауап)

ІІІ – Қорытынды бөлім

І — Кіріспе.

Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам ждәне адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық – зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді.

Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып- соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмастық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән- жайлар болып табылады. адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал ата заңнан басқа балалардың құқығын қорғайтын заң бар ма? Әрине бар. 1989 жылдың 20- қарашасында Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе жөнінді, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді. Жұмысқа кіріспес бұрын бір- бірімізге жақсы көңіл — күй сыйлайық.

(қатысушылар дөңгеленіп тұрып, хормен айтады, қол беріп, бір-бірімен амандасады.)

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық.

ІІ — Негізгі бөлім: а) «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын»

Қарлығаш: Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық –зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың құрбаны болады екен.

Ажар: Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасынылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін- өзі ұстау үлгісін алады.

Әділет: «Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармауымыздың нәтижесі» деп пайымдады. Н. Гладырь.

Еділбек: Зорлық зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:

Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

Балаларды анасына қарсы-қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, оған балаларды араластыру.

Рубинта: Міне, достар осыдан барып Қазақстандағы тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық – зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі азамат әлеуетіне көңіл аудару қажеттігі де туындап отырғандаға ескертеді емеспе?

Саягүл: Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.

Нұрбол: «Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.

Аңсаған: Дұрыс айтасың Нұрбол «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» демей ме халқымыз. Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.

Дархан: Ия достар, сонымен қатар, нашақорлық, темекіге, ішімдікке әуестік, бұзықтық жолға түсіп зорлық- зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиян тигізеді деген ой қосқым келеді.

Исатай: Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

Ақжібек: Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр «л Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген Ж. Аймауытов.

Мұғалім: Зорлық – зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына , оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балны тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқытарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек.

Балалардың өмір сапасын жақсарту- ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек.

ә) Балалар құқығын қорғау.

Аңсаған: 7- тарау. Бала мен қоғам.

36- бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау.

Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.

Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.

Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немес жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуі тиіс.

Ажар: 4- тарау. Бала және отбасы

22- бап. Баланың отбасындағы құқықтары.

Бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.

Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызметі аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттігі туған.

Зорлық –зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекеленген әрбір адамның міндеті.

б) Білімді ұрпақ – ел ертеңі. (Сұрақ – жауап айдары.)

1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?

(Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заң арқылы қорғалған тәртіптік шара)

2. Құқықтың қандай түрлері бар?

(Жеке (азаматтық), саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәденит.б)

3.Адамның негізгі құқығы. (Өз құқықтарын дұрыс пайдалану құқығы)

4. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық)

5. Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы. (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады.)

6. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14жастан)

7. Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 ж 20- қараша)

8. Бала Құқықтары туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады. (10 тарау, 53 бап)

9. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды.

(1948 ж 10- желтоқсан)

Тәртіп орнат айдары.

Құқық А- Еліміздің негізгі заңы

Конституция Б. – Мемлекет басшысы

Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.

Азамат – Г – Тәуелсіздік

Құқық бұзушылық Д – заңдар жүйесі.

6. Президент Е — Заң шығарушы орган

Парламент Ж- Заң жүйесін бұзу

Егемендік З- Құқығы бар ел тұрғыны

(1-д, 2-а, 3-в, 4- з, 5-ж, 6-б, 7-е, 8-г)

Сандар сыры айдары.

(қатысушылар бір- біріне сұрақтар қояды. )

1-Маусым – халықаралық балаларды қорғау күні.

20- қараша — Дүниежүзілік балалар күні.

10- желтоқсан — адам құқығы күні.

10- желтоқсан 1948 жылы — Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.

1979- жылы – Балалардың халықаралық жылы өтті.

20- қараша 1989- жылы — БҰҰ- да Бала Құқықтары туралы конвенция қабылданды.

8- маусым 1994- жылы — Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

30- тамыз 1995 жылы — Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.

Қарлығаш: Сонымен, достар БҰҰ – ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8- маусымында бекіткен.

Қорытынды бөлім.

Бала құқықтары туралы Конвенциядан…

Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

Әрбір бала өз отбасында, ата- анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы

Әрбір баланың ой- пікір, ар- ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

Бала денсаулығын сақтауға , емделуге құқылы.

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Мұғалім: Құрметті бүгінгі конференцияға қатысушылар бүгінгі «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты жұмысымызды былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүретінді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенінде керемет гүлдер өсіп шығатын.

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме , оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық – зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.