Алдағы екі күнде 40 градусқа дейін аяз күтіледі

0
68

«Қазгидромет» РМК алдағы екі күнде ауа райы суытып, аяз болатынын хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 21, 22 желтоқсанда түнде ауа температурасының Ақмола облысының оңтүстігінде 30-33 градус аязға дейін, Қарағанды облысында 32-35 градус аязға дейін, Шығыс-Қазақстан облысында 33-38 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Астана қаласында түнде ауа температурасының 30-32 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Бұдан басқа, 21 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде тұман сақталады. Таулы аудандарда баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.














 





Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ