Актриса қаза тапқан жол апатында жүргізуші «мас болған»

0

Алматыда актриса Шолпан Елгезек қаза тапқан жол апатына «себепкер болған» Mercedes Gelandewagen автокөлігінің жүргізушісі мас болған. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, жол апатына байланысты 1985 жылы туған К. Абай есімді күдікті ұсталған. Елдің ішкі істер министрлігі оқиғаны қатаң бақылауға алғанын мәлімдеді.

29 желтоқсан Алматы көшелерінің бірінде болған жол апатынан Əуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Шолпан Елгезек пен тағы екі адам қаза тапқан. Осы театрдың тағы бір актрисасы Айзада Сатыбалдиева ауруханада жатыр. Жол апаты болған сәтте Mercedes Gelandewagen көлігінің жүргізушісі оқиғаа орнынан қашып кеткен.

Дереккөз: Азаттық