Үш адамның өміріне кінәлі жүргізушінің аты белгілі болды

0

29 желтоқсан күні Абай мен Сейбулин қиылысында жол апатына кінәлі жүргізушінің аты-жөні белгілі болды.

Мақала авторы Анастасия ЦИРУЛИКТІҢ жазуынша, Mercedes Benz G-55 автокөлігінің рулінде 1985 жылы 25 қарашада дүниеге келген Кар Ильяс Исмарович деген азамат болды деген ақпар бар. Алайда, ресми органдар бұл мәліметті растап отырған жоқ.

Жол апаты болған жерден күдікті қашып кеткен болатын. 30 желтоқсанда ұсталғанын полиция мәлімдеп, тергеу оның ішімдік ішіп алғандығын да айтқан еді.

Жол апатында бірден үш адам қаза тапты. Актриса Шолап ЕЛГЕЗЕКОВ мен құрбысы Динара және көлік жүргізушісі. Көлікте болған төртінші адам актириса Айзада САТЫБАЛДИЕВА қазір дәрігерлердің бақылауында.

«Науқас Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр», — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лейла КЕҢЕСБАЕВА tengrinews.kz тілшісіне. 

facebook.com әлеуметтік желісінде үш бірдей адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі адамның атының неге жарияланбай жатқаны қызу талқылануда. Күдікті не байдың баласы, я болмаса шенеуніктің жақыны деген пікірлер жазылып жатыр.

365info.kz