«Еңбек түбі береке» тәрбие сағаты

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




«Еңбек түбі береке» тәрбие сағаты

Автор: БОЛЖЫРОВА ГУЛЖАН САРСЕМБЕКОВНА

Бағыты: Басқа Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 6 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-31


Материал туралы қысқаша түсінік

мұғалімге және оқушыларға керек, тәрбие сағатын өткізгенге байланысты керек материал




Сабақтың тақырыбы: Еңбек – түбі береке.Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.  2. Дамытушылық: Оқушыларды адал  еңбекке баулу , кәсіптік білім беру. 3. Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.Сабақ көрнекілігі:  тақта, компьютер, слайдтар, суреттер.Сабақ түрі: аралас Сабақ барысы: І.  Ұйымдастыру.Кіріспе сөз:Мұғалім:    -Нағыз еңбек неден басталады?   -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Балалар , бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: Әлемнің әміршісі-еңбек.  Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді? /Оқушылар өз бетінше ойларын жазып, қорғап шығады/.тақта арқылы «еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.Сүйікті іс   күш,жігер береді.Жарқын болашақ                                                              Қуаныш,ләззат алу ақша пайдалы өмір сүруге үйретеді.Ауыр шынықтырады жеңіл Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру.Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.  Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»      Еңбектену  тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы»  т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме? Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.Қандай айырмасы бар?  Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?          Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған  мысал келтіріп айтуға болады.Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті.  Адам табиғаттан үйреніп  кейбір заттарды ойлап тапқан.   1-оқушы:  Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.   2-оқушы:  Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.   3-оқушы:  Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.   4-оқушы:  Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.   5-оқушы:  Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.   Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.      Сонымен  тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті.    Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді.    Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.          ІІ.  Негізгі бөлім  Жалпыға Еңбек қоғамына қарай 20 қадам.Қай қоғамда да еңбектің маңызы ерекше. Сол үшін қоғамның басқару тізгінін ұстағандар, үкімет пен мемлекет басшылары ең алдымен елде еңбекті қалай ұйымдастыру жайын да ойластырады. Осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға  ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты  бағдарламасын ұсынды. Біздің  әлеуметтік саясат  бәсекеге қабілетті және күшті  ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН   құруға бағытталуы тиіс,-деді Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі халқымыздың сан ғасырлық тарихының жаңа, жарқын беттерін ашты, елімізде түбегейлі бетбұрыс басталды. Тарыдай шашылған қандастарымызбен байланыс орнатып, Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы құрылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ұлтаралық және дінаралық татулық нығая түсті. Астанамызды ару Алматыдан арқадағы Ақмолаға көшірдік. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тізгінін ТМД және Азия елдерінің ішінен алғаш рет қолға алдық. 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Күні кешегі Лондон Олимпиадасына қатысушы әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің ішінен Қазақстанның 12-ші орынды иеленуі де – тарихқа жазылған жұлдызды сәттеріміздің бірі. Тәуелсіздік алған 20 жылда шағын және орта бизнес нысандарының саны 35 есеге көбейді. Соңғы 10 жылда экономиканың осы секторында өнім өндіру көлемі 20 есеге өсіп, 7 триллион теңгені құрады. «Күшке күш қосылса – құп, елге ел қосылса – құт» деген үлкендерден қалған нақылдың астарында Елбасы мақаласының тәуелсіз Қазақ Елінің ең ұлы мұраттарының бірі екенін дәлелдейтін шындық жатыр. Өйткені, әлеуметтік мәселелерді «кейінге» қалдыруға болмайды.Бүгінгі әлемді толғандырып отырған күрделі мәселе – діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жастар арасындағы дәстүрлі діни көзқарастың оң қалыптасуын жүзеге асыру да осы бағытта жасалар маңызды қадамдардың бірі. Дәстүрлі емес дін өкілдері санының көбеюіне жастармен тәрбиелік жұмыстың жеткіліксіздігі, мектеп пен отбасындағы тәрбиенің осалдығы, жастар өміріне қылмыстық немесе бұзақылық ортаның себептері әсер етіп отыр.2.   Кім болам? Жұмбақ шешу;-әдеби монтаж.-мамандық таңдау. Енді елбасымыздың айқындап берген 20 бағытын басшылыққа ала отырып келешекте  өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын  мамандығымыз жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры  бар. Ала таяқ  ұстаған,Жол тәртібін  нұсқаған.Өміріңді күзеткен,Ысқырығы күшті адам./милиционер/Бал тамған мәзір,Ол бар жерде әзір./аспазшы/ Оқу-білім бағдары,Заманының  бағбаны./мұғалім/ Өскен шашты жаратпайды,Қайшысы бар жалақтайтын/шаштараз/ Келіп баған қасына,Өрмеледі басына./монтер/Еңбек орны-танабы,Сүйікті ән- дала әні.Егін салып, мәпелеп,Асырайды қаланы./дихан/ Өңкей сығай  екі топта Таласып жүр бір допқа.Бұл кім ?/футболшы/Күміс қанат сұңқары,Көкке еркін  сүңгиді.Бұлттан да тым әріКеткен жанды кім дейді?/ұшқыш/                  Мен таңдайтын мамандық.        /Әдеби монтаж/Рауан:   Ай-һой, ғажап қандай бұл,                     Ал, кәне, кәсіп таңдай біл.                     Аламын қандай мамандық,                     Алдымда толған таңдау тұр.                     Әлемге ән боп жалғанар,                     Әйгілі небір тарландар.                     Әуелей ұшқан аққудың                     Әсерлі үнін салған дәл                     Әміре менен Күләштай                     Әнші болсам не арман бар?!           Сұлтан:  Кәсіпкер болсам егер де,                     Бар әлемді кезем де.                     Бар пайданы ойламай,                     Барымды берем мен елге.                     Велосипед мініп одан да,                     Велошабандоз болам ба?                     Геолог болып тегі мен,                     Гүл жайнаған өңірден                     Гуілдеп күн-түн тынбайтын,                     Газдың ашам кенін мен.                     Ғалымның жолы ғажайып,                     Ғибрат сабақ алайық.Исламбек:         Еріншектен – салақтық,                          Салақтықтан – надандық…                           Бірінен-бірі туады,                          Жоғалар сөйтіп адамдық.                          Жүрейін десең, тұрғызар,                          Төсекке мойын бұрғызар.                          «Өзгелер де жүр ғой» деп                          Біреуді мысал қылғызар.Нариман :        Іс қалдырмас еселі –                                           Білімнің ең кеселі.                                          Кірсе бойдан шығу жоқ,                                          Күн сайын өсер бес елі.                                          Төбеңді сөйтіп теседі,                                          Орныққан сайын өседі.                                          Ғибадат жоқ, өнер жоқ,                                          Бәрінің жолын кеседі.                Рауан:          Еріншек таза жүре алмас,                                          Кір-қоңын да жуа алмас.                                          Харекет жоқ, ғылым жоқ,                                          Өз бойынан ұялмас.                                          Даулассаң, желдей еседі,                                          Өзі айтып, өзі шешеді.                                          Үйір болған кісілер                                          Жан тыныштық деседі.                  Султан:         Жан тыныштық бұл емес,                                          Жан дененің құлы емес.                                          Өзің байлап бересің,                                          Жан жұмысы ол емес.                                          Еріншек, ашу, құмарлық,                                          Бұларды істен шығардық.                                          Жамандықтың басы – осы,                                          Кісі болса ұғарлық. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның       Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.      Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.     Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Слайд- 3 Бүгін келген қонақтарға сұрақтар береміз. Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға кезек берейік.1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? 2.    Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?   Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?3.    «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?4.    «Еңбектің жемісі»  дегеніміз не?5.    Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?6. Қандай мамандық таңдауға кеңес берер едіңіз?7. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?   8   .Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз?9. Ұстаз болу сіздің бала күнгі арманыңыз ба еді?10. Бүгінгі таңда жастардың көбі ұстаз болуды   қаламайды, керісінше заңгер, банкир, экономист  т мамандықтарды құрметпен бағалайды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?   . Енді оқушыларымыз мамандық түрлері туралы қаншалықты білетінін тексеру үшін «Ең, нағыз..» деп аталатын ойын ойнап көрейік. Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.—          Ең жасыл мамандық—          Ең тәтті мамандық—          Нағыз ақшалы мамандық—          Нағыз бала мамандығы—          Ең күлкілі мамандық—          Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық—          Ең ауыр мамандық «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын. Айтыңдаршы, осы  біздің мектепте қандай мамандық иелері бар? Көк жүзіне алаулы,   Міндет емес ай болу.  Ең бастысы қалаулы, Кәсібіңе сай болу.  Пайдалы кеңестер. /сергіту  сәті/Дәптермен жұмыс Ұлағатты сөздер Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.                                ( Гораций)    Талап, еңбек, терең ой    Қанағат, рақым, ойлап қой –    Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай)     Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,    Қардың суы секілді тез суалар. (Абай) Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық  Аздырар адам баласын                       (Абай)     Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.    Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.            (М.Әуезов) Елге сіңірген  еңбек жақсы, Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев)                                          Еңбектегі әр минут- бір несібе. (Ғафұр Ғұлам) Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне  жеткенін көргенім жоқ. (Бауыржан Момышұлы) Қандай мұратың болса да  өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме. (Ғабдолла Садықұлы) ІІІ. Қорытынды бөлім                       -Нағыз еңбек неден басталады?    «Жас бала анадан  туғанда екі түрлі  мінезбен туады: біреуі –ішсем,жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем екен деп туады. Не көрсе соған талаптанып. Білсем  екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Мұның бәрі-жанның құмары деген екен Ұлы Абай атамыз.    Сабақ оқу да – еңбек. -Еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Барлық  байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда  тек өзінің маңдай терімен  отбасын асырап отырған  ер адамдар бар. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық  жағынан  құлдыраушылыққа,  жұрт еңбегінің  есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек  етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды  да  шығаратын -Еңбек Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.Бала нені білсе жастан, ұядан.Өле  өлгенше соны таныр қиядан.Жас кезінде  білім берсең,қалай да-Өсе келе қолы жетер талайға.Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?Олай болса уысыңнан шығарма. (Жүсіп Баласағұн)







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.