Айнұр Тұрсынбаева туған күнінде мұқтаж жандарға баспана сыйлады

0
775

Айнұр Тұрсынбаева Рамазан айымен тұспа-тұс келген туған күнінде, жаңа жастың құрметіне игі, сауапты іс жасап, 3 мұқтаж отбасыға баспана сыйлады. @aidyn_nury парақшасы блокта тұрғанына қарамастан 10 сағаттық тікелей эфирде  қажет болған 17 500 000 теңге толық жиналған. Бұл суммаға үш бірдей отбасы көптен күткен баспанаға қол жеткізген.

Алғашқы баспана Ақтөбелік Әйгерімге бұйырыпты. Әйгерім 3 баланың анасы, жасы 39-ға жетпей тағдырынан таяқ жеп, жоқшылықтың ащы дәмін татқан. Талма ауруы бар, 3-ші топтағы мүгедек. Екі бөлмелі, барлық жағдайы жасалған баспана құны — 5 млн тг.

Екінші баспананы Шымкент қаласының тұрғынына сыйға тартылды. 19 жылдан бері құжатсыз жүрген Нағима есімді ана. Төрт баласының екеуі ауру. Құжаты болмағандықтан мемлекеттен ешқандай көмек ала алмай отырған отбасы. Төрт бөлмелі, 10 сотық жері бар, жаңа баспананың құны — 7 млн тг.

Үшінші баспананың иесі — туа бітті зағип, жалғыз қызы да көзі көрмей туған, 1 топ мүгедегі Назира. Жаңақорғандық жалғызбасты әйелге 5,5 млн теңгенің 3 бөлмелі, ыстық-суық суы ішіндегі үй бұйырды!

«Достар! Дәл осылай қасиетті Рамазан айын сауапты, жауапты іспен аяқтадық. Сіздер ең мықты қолдаушыларсыздар! Біз сіздерді жақсы көреміз!» — деп жазды айтыскер ақын.

(ақпарат және фото aidyn_nury инстаграм парақшасынан алынды)